Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет сын көтере ме?

Еркежан АРЫН

23.09.2022, 17:17

1107

Осы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанда 3 миллион 558 мың зейнетақы мен жәрдемақы алушы азамат тіркелген. Биылғы жылдың 6 айында Аумақтық департаменттермен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бойынша 1 233 000 істердің макеті қаралды, бұл өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға артық.

Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындаудағы негізгі проблемалық мәселелер азаматтардың зейнетақы тағайындау үшін құжаттарды рәсімдегенге дейін кірістерін асыра бағалауы, Қазақстан мен Ресейде жасы бойынша қосарлы зейнетақы төленуі, Қытайдан келген қандастардың еңбек қызметі туралы жалған құжаттарды ұсынуы болып табылады.

Бұл мәселелерді шешу жолдары Қаржы, Сыртқы істер, Ішкі істер министрліктері, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдерімен бірлесіп әзірленді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өткен айда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізген болатын. Отырыс барысында азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар мүгедектікті анықтау бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу мәселесі де қаралды. Мүгедектерді қашықтықтан тексеру бойынша пилоттық жобаның оң нәтижелер көрсеткендігі аталып өтілуде. 2022 жылдың басынан бері Қазақстанның барлық өңірлерінен 31,9 мыңға жуық өтініш қаралды. Мүгедектерді анықтау қызметтерін қашықтықтан көрсетумен қамту 22%-ды құрады, бұл биылғы жылдың жоспарланған көрсеткішінен 2%-ға артық.

Қашықтықтан куәландыру процесін іске қосу:

  • әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
  • МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
  • мүгедектікті белгілеу және мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларын айқындау жөніндегі қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
  • көрсетілетін қызметті алушы мен қызметті беруші арасындағы тікелей байланысты болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы тексерулер бойынша биыл бірінші жартыжылдықта 606 тексеру жүргізіліп, оның барысында 2,6 мың заң бұзушылық анықталды. 497 ұйғарым шығарылды, 146 бақылау субъектісіне жалпы сомасы 27,8 млн теңгеге айыппұл салынды.

Сонымен, аумақтық басқармалардың жұмыс сапасын және халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 17:41
Полиция Төреғали Төреәлінің қамалған сәтін көрсетті
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 10:53
Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Еркежан АРЫН 30.09.2022, 09:45
Қарттар мерекесіне орай мемлекет төлемақы беріп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 29.09.2022, 20:27
Жоба аясында аудандарды көркейту жұмыстары жоспарланды
Еркежан АРЫН 29.09.2022, 15:07
Бизнесті қолдау экожүйесі қалыптасып келеді
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 29.09.2022, 11:30
Цифрланудың берері мол

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37