Әлеуметтік қолдауда қағазбастылық азайды

Әділ АҚЫЛБАЙ

16.08.2022, 14:00

826

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізіп, кеңес барысында азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3 млн 558 мың зейнетақы мен жәрдемақы алушы тіркелген. Осы жылдың 6 айында аумақтық департаменттер зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға арналған 1 млн 233 мың іс макетін қарады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,7%-ға артық.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау кезіндегі негізгі проблемалық мәселелер азаматтардың зейнетке шығар алдында табысын жоғары етіп көрсетуі, жасына байланысты берілетін зейнетақыны екі рет – Қазақстаннан және Ресейден алуы, Қытайдан келген қандастардың еңбек қызметі туралы жалған құжаттарды ұсынуы болып табылады.

Бұл мәселелерді шешу жолдары Қаржы, Сыртқы істер, Ішкі істер министрліктерінің және «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдерімен бірге талқыланды.

Кеңес барысында мүгедектікті анықтау бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселесі де қаралды. Министр мүгедектігі бар адамдарды сырттай куәландыру бойынша пилоттық жобаны іске асырудың оң нәтижелерін атап өтті. 2022 жылдың басынан бері Қазақстанның барлық өңірлерінен 31,9 мыңға жуық өтінім қаралды. Мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсету 22%-ды құрады, бұл осы жылға жоспарланған көрсеткіштен 2%-ға артық. Қазіргі уақытта жобаға 599 медициналық ұйым қосылған.

Пилоттық жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсетумен қамтуды 20%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 22%-ды құрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, оларды қағазбастылықтан арылтуды,  инстанциялар бойынша жүруін және қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асыруда.

Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Жалпы, сырттай куәландыруға көшу:

— әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

— МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

— үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтер алуға мүмкіндік береді;

— көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Сондай-ақ кеңес барысында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау саласындағы тексеру нәтижелері талқыланды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 606 тексеру жүргізілді, оның барысында 2,6 мың заң бұзушылық анықталды. 497 ұйғарым берілді, 146 бақылау субъектісіне жалпы сомасы 27,8 млн теңгеге айыппұл салынды.

Ағымдағы мәселелерді талқылағаннан кейін Тамара Дүйсенова Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің жұмыс сапасын арттыруға, халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 23.09.2022, 17:17
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет сын көтере ме?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 23.09.2022, 13:32
Спорт – ұлтты танытудың бір жолы
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 18:30
Сенат спикері Әшімбаев көшіп келіп жатқан ресейліктер туралы сұраққа жауап берді
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:01
Алаяқтыққа жол жоқ
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 16:00
Алматыдағы "Атакентте" студенттер төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 15:01
Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41