«Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады

Сайт әкімшілігі

02.08.2022, 08:47

2770

Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 түзеу мекемесінде сотталушы түрменің үш қызметкерін шабуылдап, оларды жаралады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-парақшасында жазған болатын. Ақпаратты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды «Жас Алаш»  Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін таңғы 8:35 шамасында болған. Надир Акмишев есімді сотталушы «Аллаһу акбар» деп айқайлап, қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінін кеудесін тіліп жіберген. Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай Б. жасақ командирі болған. Сотталушының әрекетін тоқтатпақ болған Ибрашев М., Төребеков Е. есімді түрме қызметкерлері де жараланған.

«Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/7 мекемесінде таңғы тексеріс кезінде сотталған мекеме әкімшілігі қызметкеріне шабуыл жасады. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы бірқалыпты.

Қызметкерлерге шабуыл жасаған сотталған тәртіп изоляторына оқшауландырылды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тергеу тағайындады», — деп мәлімдеді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49