16.05.2022, 08:11
1140
Алматы облысының Текелі қаласында лай массасы ағуы кезінде жоғалып кеткен 5 жасар қыз өлі табылды, — деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«15 мамырда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД „Багира“ атты қызметтік итімен Алматы облысының Текелі қаласында лай массасының ағуы кезінде қаза тапқан 2016 жылғы қыздың денесі үйінді астынан табылды», — деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Текеліде сел салдарынан 5 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР