Алматы облысының тұрғыны 9 жылдан бері өлілердің тізімінде болған (видео)

Сайт әкімшілігі

28.10.2020, 03:30

4405

Алматы облысының тұрғыны Кенжебек Алпысбаев тоғыз жылдан бері өлілердің тізімінде екенін аяқ астынан білді, — деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

Телеарна мәліметінше, ол бұған дейін жұмыс істеген, мемлекеттік қызмет алып, салық төлеп жүрген. Кенжебек Алпысбаев Nur Otan партиясының праймеризіне қатыспаса құжат бойынша өлілердің тізімінде екенін білмей қалуы мүмкін болған екен. 

2011 жылы Кенжебек Алпысбаевтың анасы қайтыс болған. Сөйтіп ол анасы қайтыс болғаны туралы куәлік алу үшін өтініш жазған. Алайда мамандар анасының ЖСН-ын жазудың орнына өтініш берушінің мәліметін жазып жібергені анықталған. 

«Бастапқыда қалай өлілердің тізімінде екенімді түсінбей таңғалдым. Сұмдық! Негізі партия қатарындамын, жыл сайын жарна төлеймін, жиындарға қатысып тұратынмын. Базаны тексермеген болуы керек, бұл жерде адами фактор болып тұр ғой», — дейді Алпысбаев. 

Ер адам құзырлы органдарға шағымданды. Ол жерде арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп, қай маман қателескенін анықтады. Жіберілген қате түзетілді. 

Тегтер: тізім тұрғын шара өтініш партия жиын жарна

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19.01.2021, 10:30
"Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 14.01.2021, 11:41
«Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 07:19
Садаға кеткен сайлау (видео)
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 05.01.2021, 09:41
Үржарлық дәрігерлер Жұмахановтан жауап күтіп жүр (видео)
Сайт әкімшілігі 25.12.2020, 12:57
Короновируспен күрескен дәрігерлер үш ай бойы жалақысын ала алмай жүр (видео)
Сайт әкімшілігі 23.12.2020, 09:20
Петропавл атауын өзгертуді талап еткен жастар петиция жолдады (видео)

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15