Алматыда 4 жасар бала суға толы шұңқырға құлап қайтыс болды

Сайт әкімшілігі

12.05.2022, 10:30

921

Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы Қарасу шағынауданында болған. Рамазан есімді бала түскі мезгілде есік алдына ойнауға шыққан. Ойын баласы үйінің қасындағы шұңқырға тайып жығылыпты. Үлкендер көмекке келгенше, тұншығып қалған көрінеді.    

«Көшеде кетіп бара жатқан едік, досым екеуміз. Сол баланың анасы көріп қалып өзі көшеге жүгіріп шықты айғайлап, бізді шақырған соң жүгіріп келіп баланы көріп шығарып алдық. Бірақ шығарғанмен сәл үлгере алмай қалдық. Көмектесуге тырыстым, бірақ ештеңе шықпады», — дейді аудан тұрғыны Савердин Мырзамов. 

Марқұмның отбасы болған жайтқа әлі сене алар емес. Олар шұңқырдың бетін жаппаған жауаптыларды жазғырып отыр.

«Балақай есіктің алдында ойнап жүрген. Одан басқа 7 айлық қарындасы бар. Сол анасы 7 айлық баланы киіндірем дегенде бұл бала далаға шығып кеткен. Бір 5-10 минуттың арасы ғана. Бұл яманың ашық тұрғанына біраз болды. Ешқандай жауапкершілік жоқ құрылыс компанияларында. Ашық-шашық тастап кеткеннен кейін біз осындай жағдайға ұрынып отырмыз», — дейді Рамазанның әпкесі Әсел Ошақбаева. 

Қайғылы оқиғадан соң мамандар шұңқырды қоршап қойған.

«Мына жерде қоршау болмаған, орында сетка ғана тұрған. 5 жастағы баланы кім қарап отырады, жүгіріп барып ойнаған, топырақ езіліп жатыр. Аяғы тайып құлап кетті қайтыс болды, кім кінәлі? Тастаса да биіктетіп жабу керек еді», — дейді тұрғын Айнаш Салықбаева. 

Шұңқырды қазуды қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тапсырған. Мердігер компанияны да солар жалдаған.  

«Негізі, кәріз сору станциясы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес осы жерде орналасуы керек. Құрылыс қазба жұмыстары 25 сәуірде басталған. Кейіннен жұмыс барысында жерасты суы көп мөлшерде шыққандықтан, кәріз сору станциясын орнату мүмкіншілігі болған жоқ», — дейді Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су және газбен жабдықтау бөлімінің бас маманы Еркебұлан Іліпбаев. 

Бүгінде қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалған. Қас бен көздің арасында баласынан айырылып қалған отбасы мердігерді сотқа бермек. Ал жауаптылар болса, қауіпсіздік талаптары сақталғанын айтып ақталып жатыр. 

Тегтер: оқиға сәби қаза

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 11:45
Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:39
Атырауда екінші қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:33
Алматыда бес су тасқыны тіркелді
Бифат ЕЛТАЕВА 19.05.2022, 18:28
Балаларды дамыту және мемлекеттің қолдауы
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.05.2022, 09:01
Қазақстан мәдениетін өзгертетін көшпелі көрме
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.05.2022, 15:09
Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56