Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды

Сайт әкімшілігі

12.08.2022, 09:04

1572

Оңтүстік Кореяға бармақшы болған 60-тан астам адам сан соғып қалды. Өйткені Корея республикасына кіруге электронды рұқсат алып береміз деген «Easy Visa» компаниясы уәдесінде тұрмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр адамнан 700 мың теңгеден жинап алған фирма жұртты бірнеше айдан бері сандалтып жүр. Таңғы шық елінен күдер үзгендер енді компанияға берген ақшасын қайтара алмай әлек.

Бұл «Easy Visa» компаниясының Алматыдағы клиенттері. Екі айдан бері құрғақ уәдені қанағат тұтып келе жатқан тұрғындар туристік фирманың табалдырығын тоздырып жүр. Компания мамыр айында 60-тан аса адамның әрқайсысынан 700 мың теңгеден жинап алған. Маусымда дайын болады деген құжаттан әлі хабар жоқ.

Ырысбек Қасқарауов, жәбірленуші:

– Біз апарамыз 100 пайыз деді. Ақшамызды алды. K-ETA деді, K-ETA-дан отказ келді. Одан виза деді, визаға апарып едік оны 20 күн күттік. Одан да отказ келді. Ақшамызды қайтарайық деп келсек, Қанат деген жоқ, әйелі отыр екен Гүлназ деген. Бірінші күні біз 20-30 адам жиналғанбыз. Оның дау шығарғандарының ғана ақшасын берді да, қалғанын бермей қойды, ертең деп. Біз үш апта келдік осы жерге.

Рахат Майлыбаев, жәбірленуші:

– Мен өзіме, келіншегіме 648, 648-ден 1336000 теңге құйғам. Енді 1336000 анау-мынау ақша емес, өзім бес тиынсыз 7-8 ай жұмыссыз болғам. Сол жұмыс таппағандықтан Кореяға кетуім керек болған. Енді сол кредитке алған ақшаны бердім, мына жақтан кредит қысып жатыр, ана кісі жоқ.

Адамдарды алдап соққан компанияның ғаламторда арнайы парақшасы бар. Онда шет елге виза ашу жолдары туралы бірнеше бейнеролик жарияланған. Көбі осы жарнамаға және жазбаша келісімшартқа алдандық дейді. Қомақты қаражатты жинап алған фирма басшылары екі айдан бері телефонға жауап бермейді, кеңсеге келсе есік ашпайды екен. Шыдамы таусылған жәбірленушілер қалалық полиция департаментіне арыз жазған. Қазір «Easy Visa» компаниясына қатысты іс қозғалған.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Аталмыш азаматтардың арызы Алматы қалалық полиция департаментінде тіркеліп, қылмыстық істі жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция басқамрасына жөнелтілді. Ол жақта азаматтардың арызы соталды бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеліп, алаяқтық дерегі бойынша қазіргі таңда тергеушілер бұл істі өз өндірісіне алды. Жәбірленушілер ең құрығанда ақшамызды қайтарып алсақ дейді. Сондай-ақ осы фирманы лицензиясынан айыруды талап етуде. Өйткені басқа адамдар зардап шегуі мүмкін.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 23.09.2022, 17:17
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет сын көтере ме?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 23.09.2022, 13:32
Спорт – ұлтты танытудың бір жолы
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 18:30
Сенат спикері Әшімбаев көшіп келіп жатқан ресейліктер туралы сұраққа жауап берді
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:01
Алаяқтыққа жол жоқ
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 16:00
Алматыдағы "Атакентте" студенттер төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 15:01
Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41