02.02.2021, 15:51
6543
Алматы ірі жол апаты болып, салдарынан бес автомобиль қирап, екі шырша ағашы сынған. Желіде жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.
Желіде әл-Фараби даңғылындағы жол апатының видеосы тарады. Видеода бірнеше көлік зардап шеккені көрсетілген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып бірінші қатардан екінші қатарға өтіп, жолай келе жатқан Hyundai Sonata және Hyundai Accent автокөліктерімен соқтығысқан. Артынша жүргізуші екі шыршаны соғып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Сөйтіп, SsangYong және Toyota Camry маркалы көліктерімен соқтығысқан», — деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР