Алматыда ұшақ құлады

Сайт әкімшілігі

13.03.2021, 18:00

1759

Желіде Алматыда ұшақ құлады деген хабар тарап жатыр, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Куәгерлердің айтуынша, оқиға әуежай маңындағы Қызылту ауылының маңында болған. Апат кадрлары желіде пайда болды. 

Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери ұшақ құлаған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, Алматыда қону кезінде ҰҚК-ның „Нұр-Сұлтан-Алматы“ бағыты бойынша ұшып келген АН-26 әскери ұшағы құлады. Бортта 6 адам болған.Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті», — деді баспасөз қызметіндегілер. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Кадрларда ұшақтың түтіндеп жатқан сынықтары көрінеді. Айналасында өртсөндірушілер мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.

«Жолаққа енді кірген едік, жарылыс болды», — дейді видео авторы.

Тегтер: ұшақ оқиға үшу жолағы әуе көмесі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 09:04
Ақмола облысында спирт зауытының 200 адамы жұмыссыз қалды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 11:30
Үш баламен терезеден секірген әйелдің ата-енесі келіні жайлы айтты (видео)
Сайт әкімшілігі 22.11.2021, 09:24
Коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 10:50
#Qazaqstan30: Алматы облысы індеттің алдын алуда алда келеді
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 09:05
Ақтауда жойқын жарылыс (видео)
Сайт әкімшілігі 28.10.2021, 08:45
Пенжім ауылындағы жаппай төбелес (видео)

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00