Алматыда жедел жәрдемді қуған полицейлердің видеосы тарады

Сайт әкімшілігі

01.08.2022, 11:07

913

Алматы облысында ер адам бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен. Алматы полициясы оқиғаның жай-жапсарын айтты. 

Алматы полициясы мәліметінше, 31 шілдеде сағат 21.45-те Құлжа тасжолы бойындағы тұрғын үй кешені аумағынан BMW көлігі ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Ұры басқа көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай Есік қаласына жеткенде, қарсы жолаққа шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол жол апаты болған жерден қашып кеткен.

Көп ұзамай күдікті қыздың Nissan көлігін ұрлап кеткен, бірақ тасжолда аударылып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған кезде, шабуылдаушыға оны да ұрлау идеясы келген.

«Облыстық жедел жәрдем бекетіне тиесілі Jac Sunray-мен қалаға қайта келгенде, оны патрульдік полиция экипажы „Ұстау“ жоспары бойынша ұстады. Күдікті — 1994 жылы туған ер адам, медициналық куәландыру барысында есірткі тұтынғаны анықталған. Ол қамауда», — деді полицейлер.

Бөтен көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша Медеу аудандық ПІБ жанындағы полиция бөлімінде, сондай-ақ, Еңбекшіқазақ АІІБ-да үш қылмыстық іс тіркелген.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49