Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды

Әділ АҚЫЛБАЙ

20.01.2022, 08:48

5416

Қаңтардың басында болған Қазақстандағы оқиғаға байланысты халықаралық сарапшылар пікір білдіруде. Мәселен, Иорданиядағы «Jordan News Agency» ақпарат агенттігі террористік ұйымдардың ұяшықтары мен қылмыстық топтар Қазақстанды әлсіретіп, мемлекетті құлатпақ болды деп жазады.Саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі иорданиялық сарапшы Мұхаммад әл-Малкави Алматы мен елдің кей өңірлеріндегі кешегі оқиғаларды Қазақстанды тұрақсыздандыру мақсатында халықаралық террористік ұйымдар мен басқа елдер жоспарлаған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Оның пайымдауынша, әлгі қылмыстық топтар мен саяси күштерге Қазақстанда хаос орнату қажет болған-мыс. Жалпы, олардың мақсаты Қазақстанда ғана емес, Ресей мен Қытаймен көршілес кейбір елдерде де Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағыдай тұрақсыз жағдай қалыптастыру.Амман қаласынан «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі Арсен Өтешевке берген сұхбатында Мұхаммад әл-Малкави Қазақстан үшін «сыртқы жау» саналатын партиялар, исламистік діни топтар мен қылмыстық ұйымдар бар екенін, олардың Қазақстанды өз бақылауына алып, сол елді аймақтағы ішкі және сыртқы қақтығыстар ошағына айналдыру жоспары барын айтыпты. Ауғанстанда билікті тәліптердің басып алуы, Әзірбайжан мен Армения қақтығысы, АҚШ пен Ресей текетіресін Қазақстанды тұрақсыздандыруға қолайлы кезең деп қарастырса керек.– Алматыдағы кәдімгі диверсия актілері мен көшелердегі қанды қақтығыс бұл оқиғаларға террористік және қылмыстық күштердің араласқанын растайды. Террористердің ұяшықтары алдын ала дайындалған, халықтың наразылық шеруін пайдаланып, қалалардағы стратегиялық нысандарға шабуыл жасалды. Ондағы мақсаттары мемлекетті, оның күштік құрылымдары мен әскери органдарын әлсірету болған. Террористердің тура осындай әрекеттері Иракта, Ливия, Сирия мен Йеменде де жасалған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тез арада үкіметті отставкаға жіберіп, елде төтенше жағдай жариялап, қымбаттаған бағаларды түсіргені, ҰҚШҰ бітімгерлік күштеріне жүгінгені сол сәттегі ең дұрыс қадамдар. Өйткені террористік топтар Қазақстанды Орталық Азиядағы терроризм ошағына айналдыруды көздейді, өйткені бұл елдің жанында Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Каспий жағалаулары сияқты әлемдік және өңірлік маңызы бар жерлер тұр. Бірақ Қазақстан билігінің дер кезінде қолға алынған іс-әрекеттерінің арқасында Қазақстанда жасала жаздаған деструктивтік жоспарлар жүзеге аспай қалды, дейді Мұхаммад әл-Малкави.Сонымен қатар Қазақстан тақырыбына қатысты мексикалық «Protocolo» онлайн басылымы Луис Фелипе Эрнандес Бельтран деген автордың мақаласын жариялады. Ондай былай делінген:

«Ядролық қарудан бас тарту саясатын ұстанатын, әлемдегі ең бейбіт елдердің бірі саналатын Қазақстанда 2022 жылдың қаңтарында болған вандализм мен террористік әрекеттер әлемді дүр сілкіндірді. Террористік және экстремистік топтар халықтың наразылығын пайдаланып, ұрлық пен тонаумен айналысты, үкіметтік ғимараттар, әуежай мен телеарналардың кеңселеріне шабуыл жасады. Қазақстанның күштік құрылымдарын жаппай жұмылдыру мен ҰҚШҰ бітімгерлік күштерін кіргізудің арқасында қазір жағдай тұрақталып, бұл оқиғалардың артында кімдердің тұрғаны, ұйымдастырушылары кім екенін анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Қаңтар оқиғасы Қазақстан мен Мексиканың қарым-қатынасына ешқандай теріс әсер тигізбейді, Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы маңызды серіктесі болып қала бермек», делінеді әлгі хабарламада.

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 11:45
Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:39
Атырауда екінші қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:33
Алматыда бес су тасқыны тіркелді
Бифат ЕЛТАЕВА 19.05.2022, 18:28
Балаларды дамыту және мемлекеттің қолдауы
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.05.2022, 09:01
Қазақстан мәдениетін өзгертетін көшпелі көрме
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.05.2022, 15:09
Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56