14.10.2021, 10:10
10319
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобасымен бірлесіп өткізген «Парасатты отбасы» байқауы мәреге жетті.
-Бұл сайыс агенттіктің бұқара арасында парасаттылық қасиеті ілгерлету бойынша кешенді жоспары аясында іске асырылып отыр. Байқау 3 жылдан бері өткізіліп келеді. Шараның мақсаты-отбасы құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу қағидаларын қалыптастыру мен жалғастыру арқылы отбасы институтының ролін күшейту болып табылады,-дейді аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің привенция басқармасының бас маманы Фарида Қасымова.
Биылғы сайысқа аймақтағы 14 жанұя қатысты.
Қазылар алқасынынан құралған комиссия үміткерлердің жұмысын сарапқа салып іріктеді. Байқауды жариялау жөніндегі ережеге сәйкес үш жүлделі орын жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлерге марапатты табыстау рәсімін қоғам қайраткері, облыстық мәслихаттың депутаты, өңірліксыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне қарасты ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі Бекзат Алтынбеков табыстады.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент көптің түсінігі бойынша, халықтан алшақтаған құпиясы өзіне ғана беймәлім мекеме болды. Сондықтан, елдің осы салаға үміттен гөрі күдігі басым еді. Ал, бүгінгі байқау- қарашаның күдігін сейілтудің айғағы іспетті. Агенттіктің облыстағы өкілдігі 3 жылдың ішінде өзге де, әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Оны біреу білсе, қайсібіреулерге беймәлім,-деп мәлімдеді Алтынбек Қомарұлы.
Қазылардың ұйғарымы бойынша жүлделі біріншіорынды Осакаров ауданында тұратынЗейнеловтер отбасы еншіледі.Сайыстың екінші орыны Қарағандылық Әбілқасымовтардың шаңырағына берілді, үшінші орын Жаңаарқалық Анесовтар жанұясына бұйырды.
Жеңімпаздар ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің дипломымен қатар естелік сыйлықтар табыс етілді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР