"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі тағы бір шахтадан өрт шықты (видео)

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

29.03.2021, 11:07

4525

Қарағанды өңіріндегі Саран шахтасында өрт шықты.

Тілсіз жау туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне 28 наурызда сағат 15:36 да түсіпті. Бұл шахта «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі.

Саран шахтасы аумағында технологиялық кешеннің екі галереясында конвейер таспасы мен ішкі ағаш қаптамасы отқа оранған. Кейін өртенген 24 және 27 метр биіктіктегі  екі галерея опырылып құлап түскен.

"Өрт  сағат 16.53-те сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 350 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ",- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова. 

Өрт кезінде шахтадан мамандар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала болжамға сай  өрт  таспалы контейнердің ақаулығынан шыққан. 

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі Саран шахтасында төтенше жайт жиілеп кеткен. 12 наурызда осы кен орнындағы конвейерде тағы тілсіз жау тұтанып, 348 кенші эвакуцияланған болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 09:04
Ақмола облысында спирт зауытының 200 адамы жұмыссыз қалды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 11:30
Үш баламен терезеден секірген әйелдің ата-енесі келіні жайлы айтты (видео)
Сайт әкімшілігі 22.11.2021, 09:24
Коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 10:50
#Qazaqstan30: Алматы облысы індеттің алдын алуда алда келеді
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 09:05
Ақтауда жойқын жарылыс (видео)
Сайт әкімшілігі 28.10.2021, 08:45
Пенжім ауылындағы жаппай төбелес (видео)

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00