Арыс қаласында оқушылар арасындағы әскери байқау жаппай төбелеспен аяқталды

Сайт әкімшілігі

26.02.2021, 10:12

5355

 Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталды деп хабарлады КТК телеарнасы. Жеткіншектер әділ қазының шешіміне келіспей, қырқық пышақ болған.

Сайысты салтанатты түрде қортындылауға Мәдениет үйіне жиналған оқушылар бір-бірімен жаға жыртысты. «Қой» деген жатқан мұғалімдерді тыңдаған бала жоқ. Ашуға булыққандарды әупірімдеп жүріп сыртқа шығарғанымен, төбелес далада да жалғасыпты. Абырой болғанда айтарлықтай жарақат алғандар жоқ. Соған қарамастан полицейлер оқушыларды тергеп жатыр. Ал, карантин талабын бұзғаны үшін аталған шараны ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылған.

«Іздестіру жұмысын жүргізгенде бұзақылық жәйтіне қатысты жергілікті тұрғындар анықталды. Барлығы жас жігіттер. Оқу бөлімдерінің оқушылары. Оларға қатысты тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән жайы анықталуда», — деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Тегтер: әскери байқау тәртіпсіздік тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 09:04
Ақмола облысында спирт зауытының 200 адамы жұмыссыз қалды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 11:30
Үш баламен терезеден секірген әйелдің ата-енесі келіні жайлы айтты (видео)
Сайт әкімшілігі 22.11.2021, 09:24
Коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 10:50
#Qazaqstan30: Алматы облысы індеттің алдын алуда алда келеді
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 09:05
Ақтауда жойқын жарылыс (видео)
Сайт әкімшілігі 28.10.2021, 08:45
Пенжім ауылындағы жаппай төбелес (видео)

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00