23.05.2022, 08:39
1056
Атырауда 2-қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр, — деп хабарлайды ktk.kz.
Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған 2 жасар бала 16 мамырдан бері ауруханада жатыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, былтыр 2-7 жас аралығындағы 5 бала терезеден құлаған.
«Былтыр терезеден құлап кеткен балалардың арасында бір отбасының егізі бар. Екі бала қайтыс болды. Ал, 3 бала ауыр жарақат алды», -деді қоғаммен байланыс тобынан.
Департаменттің мамандары балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу үшін тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Мәселен, кеше, 21 мамырда Атырау қаласындағы «Тұрғын үй қалашығы» шағынауданындағы көпқабатты 46 үйдің тұрғындарына жадынама таратылды.
Еске салайық, бұдан бұрын Атырауда кәріз құддығына құлаған 2 жасар бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР