Атырауда жеті үй мен 25 көшені су басты

Сайт әкімшілігі

11.05.2022, 07:28

776

Атырауда нөсерден кейін 7 тұрғын үй мен 25 көше жаңбыр суының астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, 10 мамыр сағат 21:00-ге дейін 7 жеке тұрғын үй, 15 аула мен 25 көшені жаңбыр суы басқаны анықталған. «Толассыз нөсер жауыннан Атырау қаласының аумағында 36 мм ылғал түсті. Бұл – айлық нормадан артық ылғал. Нөсердің салдарынан шаһардағы тұрғын үйлер мен аулаларды, көшелерді басқан су деңгейі 15 см-ге дейін көтерілген. Осы уақытқа дейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органның техникаларымен 2 679 текше метр су сорылды. Жаңбыр суын сору жұмысы жалғасып жатыр. Осыған орай арнайы штаб құрылды», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Су соруға төтенше жағдайлар департаментінен 28 қызметкер, 6 техника, 9 мотопомпа тартылған. Ал, жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен «Арнаулыавтобаза» ЖШС мен «Атырау облысы Су Арнасы» КМК тарапынан 78 адам, 54 вакуум көлігі, 2 мотопомпа шығарылған.

Тегтер: төтенше жағдай жоспар шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 11:45
Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:39
Атырауда екінші қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:33
Алматыда бес су тасқыны тіркелді
Бифат ЕЛТАЕВА 19.05.2022, 18:28
Балаларды дамыту және мемлекеттің қолдауы
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.05.2022, 09:01
Қазақстан мәдениетін өзгертетін көшпелі көрме
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.05.2022, 15:09
Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56