Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)

Мариям МАҚСАТ

27.11.2020, 11:36

2903

Кеше Павлодар облысының полиция қызметкерлері аяқтарынан тік тұрды. Сағат 20.40-та «Автовокзал» трамвай аялдамасынан ұл баланың табылғаны туралы қоңырау түсті. Тәртіп сақшылары дереу жедел іздестіру шараларына кірісіп, облыс тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы баланың суретін жариялап, таратты.

Видеокамерадағы жазбаларға қарағанда баланы белгісіз әйел тастап кеткен.

Кейін баланың әжесі табылды. Ал полиция қызметкерлері анасы кім екенін анықтады.

– Учаскелік инспекторлар мен полиция қызметкерлері қысқа уақыт аралығында көп жұмыс атқарды. Олар  «Toyota Camry» көлігінің көлігінің 32 жасар жүргізушісін тапты. Ол «InDriver» мобильді қосмышасы арқылы жолаушылар тасымалдаумен айналысады екен. Кеше Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласынан Павлодарға әйел мен кішкентай баланы автовокзалға жеткізгенін айтты. Екі сағаттан соң әлгі көлікпен келіп, баласын тастап кеткен әйел табылды, — деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Белгілі болғандай, қақаған суықта сапаржайда баласын қараусыз қалдырған келіншектің күйеуі жоқ. Кішкентайдан Батырдан басқа 9 және 12 жасар екі ұлы бар. Үлкені Екібастұз қаласындағы әжесінің қолында тәрбиеленуде. Полиция департаментінің мәліметінше, 32 жасар әйел соңғы жылдары Тараз қаласында тұрған. Баласын тастап кетуді алдын ала жоспарлап, аялдаманың орындығына әдейі отырғызып кеткен. Қазір бүлдіршін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлердің бақылауына алынды. Ал «көкек» анаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 18:15
"Мүгедек қызымды зорлады"- ашынған ана бейне-үндеу жолдады (видео)
Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:20
Жатырын жат елге жалға берген қаракөздер (видео)
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 09:19
"Біздің тарих Мәскеудің ыңғайына жазылған" (видео)
Сайт әкімшілігі 19.01.2021, 10:30
"Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 14.01.2021, 11:41
«Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 07:19
Садаға кеткен сайлау (видео)

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30