Байқоңырды күл-қоқыс жайлап барады (видео)

Сайт әкімшілігі

25.03.2021, 10:14

6475

Космодром аумағындағы 14 нысанға жоспарлы тексеріс жүргізген облыстық экология департаментінің мамандары 27 заңбұзушылық анықтады. Ғарыштық зымыран кешені орналасқан аумақта да бей-берекет тасталған үйінділер көп. Осы ретте өңір экологтары қоршаған ортаны оңалтудың 2025 жылға дейінгі жол картасы аясында мәселені түбегейлі шешуді көздеп отыр.

Төретам мен Ақай ауылдарының шеті осындай құрылыс қалдықтарына толы. Ескі ғимараттары бұзылған бұл жердің бәрі Ресей Федерациясы жалға алған аумаққа кіреді. Пайдаланылмайтын нысандардан шыққан бетондар ұсақталып, кешен маңайындағы техногендік ойықтарға төгілу қажет.

Бірақ рекультивация шаралары тым баяу жүргізіледі. 11 мыңнан астам тұрғыны бар Төретамның 33 көшесінен жиналған тұрмыстық қалдықтар Байқоңыр қаласының полигонына төгіледі. Бірақ ол жақта қоқыс сұрыптау ісінде кемшілік көп.    

Жақсылық Шынберген, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

— Қалдықтарды қабылдаған кезде сұрыптау тиісті түрде жүргізілмегендігі және тұрмыстық қалдықтар полигонында атмосфералық ауаға мониторинг жүргізілмеу және осы қалдықтарды қабылдаған кезде қанша көлемде қабылданғаны туралы көліктің салмағын өлшейтін құрылғылардың болмауы секілді заңбұзушылықтар бар. Бүгінгі таңда Байқоңыр қаласының әкімшілігімен осы мәселелер жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 

  440 гектар аумаққа орналасқан Төретам кентіне алып қоқыс полигонын салмақ түгіл, үй салатын жер жоқ. Қазірдің өзінде жер кезегіндегілердің саны 2800-ге жеткен. Қазақстан мен Ресей үкіметаралық комиссиясының өткен отырысында 11 мың гектар жерді жалдан шығару туралы келісім жасалған. Төретамдықтар енді сол уағдаластықтың күшіне енгенін күтіп жүр.    

Жамбыл Жұмабаев, Төретам кентінің әкімі:

— 1700 га үстінде кент көлемін ұлғайту бағытында осы жерлер қайтқан жағдайда әрмен қарай полигонға жоба жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Жоба жасау үшін бірінші жер болу керек. Сол себепті жоба жасай алмай отырмыз. Төретамдықтар үшін Байқоңыр қаласынан шыққан тұрмыстық төгінділердің талапқа сай биологиялық тазаланбауы да өзекті мәселеге айналып келеді. Сондай-ақ сөз басында айтқан ғарыш нысандарындағы үйінділердің жыл санап ұлғайып бара жатқаны да экологтарды алаңдатып отыр. Жалпы экология департаментінің мамандары келесі үкіметаралық комиссия отырысында осы қоршаған ортаға қатысты проблемаларды кеңінен көтермек,-деп хабарлайды «Жас Алаш» 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Тегтер: қоқыс қалдық мәселе Байқоңыр ғарыш айлағы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 09:04
Ақмола облысында спирт зауытының 200 адамы жұмыссыз қалды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.11.2021, 11:30
Үш баламен терезеден секірген әйелдің ата-енесі келіні жайлы айтты (видео)
Сайт әкімшілігі 22.11.2021, 09:24
Коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 10:50
#Qazaqstan30: Алматы облысы індеттің алдын алуда алда келеді
Сайт әкімшілігі 08.11.2021, 09:05
Ақтауда жойқын жарылыс (видео)
Сайт әкімшілігі 28.10.2021, 08:45
Пенжім ауылындағы жаппай төбелес (видео)

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00