Балабақшаларды лицензиялау керек пе?

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

24.06.2022, 16:20

1752

Қызылордада жеке балабақша иелері Кәсіпкерлер палатасында бас қосып, балабақшаларды лицензиялауға қатысты ойларымен бөлісті. Бір тобы лицензия керек десе, келесі тарап оның шығыны мен тәуекелдері көп дегенді меңзеді.

Жуырда оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту туралы пікірін жазып, министрліктің лицензияны қайтару бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізген еді. Бұған қызылордалық жеке балабақша иелері уәкілетті орган басшысының пікірін қызу талқылап, алаңдаушылық білдірді.

«Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Наталья Мишукова лицензияны қайтадан енгізу мәселені түбегейлі шешпейді дейді.

– Осыдан он жыл бұрын елімізде балабақшалар жетіспеген кезде мемлекет «Балапан» бағдарламасын қабылдап, лицензияны алып тастады. Нәтижесін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Балалар мектепке дейінгі ұйыммен толық қамтылды. Енді жағдай оңалғанда Оқу-ағарту министрлігі лицензияны енгізіп, жеке балабақшалар санын қысқартпақ. Мұны қалай түсінуге болады, – деді қауымдастықтың облыстағы өкілі Н.Мишукова.

Кәсіпкерлердің мектепке дейінгі ұйым мәселесін шешуге айтарлықтай үлес қосып келе жатқанын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмаханда атап өтті.

– Қазір тек Қызылорда облысы бойынша 667 мектепке дейінгі білім беру ұйымы болса, оның 415-і, яғни 62 пайызы – жеке балабақшалар. Министрліктің ұсынып отырған қадамы кәсіпкерлерге қандай қиындықтар мен кедергілер тудыруы мүмкін? Мәселені шешудің қандай жолдары бар?, – деді С.Құлмахан.

Наталья Мишукова балалардың қауіпсіздігі мен оларға жасалатын жағдайдың дұрыс болуына кәсіпкерлерде мүдделі екенін, талаптарға сай жұмыс істемейтін жеке ұйымдар кездессе, заң аясында жауап бергенін қалайды. Алайда бар мәселені лицензияға әкеліп тіреп қоюға қарсы.

– Біз министрліктің осы жылы енгізген балабақшаларды аттестациядан өткізу туралы бастамасымен келістік. Облысымыздағы мемлекеттік балабақшалардың 51 пайызы аттестациядан өтпей қалды. Бұл нені білдіреді? Мәселе тек жеке балабақшада ғана ма? Аттестациядан өтпеген балабақшалар жабылуы керек екенін ескерсек, бір ғана Қызылорда облысында мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның жартысынан астамы жұмысын тоқтатуы керек. Ал қазір бұл балабақшалар жұмыс істеп жатыр, – деді Н.Мишукова.

Төрайым лицензиядан бұрын мемлекет балабақшаларда жұмыс істейтін маман тапшылығын жоюға, олардың біліктілігін, жалақысын көтеруге қолдау көрсетуін сұрайды.

Маман тапшылығы, сондай-ақ мамандардың біліктілігіне қатысты проблеманың бар екенін, «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қайырымдылық сауықтыру және тәрбиелеу үйі» мекемесінің құрылтайшысы Анар Ізден атап өтті. Ол балаларға мектепке дейін тәрбие беретін ұйымдарды лицензиялау керек деген пікірде.

— Алкогольдік ішімдіктерді сату, құрылыс материалдарын шығару үшін лицензия керек, ал білім сатысындағы ең басты кезеңді лицензияламау керек дегенді түсінбеймін. Балабақшадан өзге қосымша білім беру ұйымдары да лицензия алу керек. Лицензияға қарсы әріптестерімді де түсінемін. Лицензиялау міндеттелген жағдайда жұмыс қалай ұйымдастырылады? Саладағы жемқорлық сипатындағы тәуекелдер көп болғандықтан, кәсіпкерлердің басым көпшілігін мәселенің осы жағы көбірек мазалайды. Екінші маңызды проблема, жеке балабақшаларда санаты бар мамандар жоқтың қасы. Ал лицензия алуда қойылатын негізгі талаптардың бірі осы, – дейді А.Ізден.

Ол сондай-ақ мемлекеттік балабақша мамандары мемлекет қаржысымен оқып жатқанда, жеке балабақша иелері мамандардың біліктілігін арттыру үшін өз қаржысына оқытуға мәжбүр екенін айтты. Мемлекет балабақша мәселесіне келгенде жеке немесе мемлекеттік деп бөлмей, бірдей жағдай жасауын сұрайды. Сонымен бірге балабақша жұмысының сапасын қамтамасыз ету жолдарын нақты айқындау керек деген ұстанымда. Ол үшін министрлік және жергілікті жерлерде облыстық білім басқармалары жанынан арнайы кеңес құрып, балабақшаларды лицензиялаудағы нормативтік құжаттарды зерделеуді, жеке балабақшалар жабылуға мәжбүр болған жағдайда мектепке дейінгі білім берумен қамту көлемінің азайып кетпеуін қадағалап, жұмыссыздық секілді шиеленіс ошағын тудыратын мәселелерді шешіп алуды ұсынды.

Кездесуде жеке балабақша иелері салаға қатысты бұдан өзге де мәселелерді ортаға салды. Ол облыста мемлекеттік субсидияның тек үш жасқа толған балаларға берілетініне (2 жастан бастап беретін өңірлер де бар), субсидия толық төленбейтініне, сондай-ақ жолдама берудегі проблемаларға Үкімет тарапы толық зерделеп, жеңіл шешім шығарып берсе деген өтініштерін жеткізді.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49