Батыс Қазақстанда сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды (видео)

Сайт әкімшілігі

05.01.2023, 10:50

876

Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалып қалған 1 жас 7 айлық сәби көз жұмды, — деп хабарлайды Жас Алаш  «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсанда аудан орталығы Теректі ауылында болған. Сағат 13:20-да 1 жас 7 айлық сәби Теректі аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілген. Онда тіршілік белгілері болмаған. Кезекші дәрігер мен медицина қызметкерлерінің жедел жансақтау шараларын жүргізгеніне қарамастан, жарты сағаттан кейін, 13:50-де биологиялық өлім тіркелген.

«Анасының сөзіне қарағанда, үйінде ойнап жүрген ұл бала шикі сәбіз жеген. Қатты жөтелгенін естігеннен кейін оған жүгіріп жеткен анасы көмектеспек болып, арқасынан қаққан. Сәбіздің бір бөлігі шыққанымен, бала көгеріп, тыныс алуы қиындап кеткен. Жедел жәрдем шақырып, баланы көтеріп көшеге шығып, өтіп бара жатқан автокөлікпен ауруханаға әкелген. Баланы қараған кезде ол демалмаған, басқа да тіршілік белгісі болмаған. Барлық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін полицияға хабарланған. Баланың мүрдесі учаскелік дәрігер мен полиция қызметкерінің қатысуымен сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама жүргізген маман баланың тұншығып қайтқаны, тыныс алу жолдарының бөгде затпен (сәбізбен) бітеліп қалғаны жөнінде анықтама берді», — делінген хабарламада.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1,7 жасар баланың өлімі тіркелгенін жеткізді.

Тегтер: бала өлім оқиға

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.03.2023, 11:29
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді
Сайт әкімшілігі 24.03.2023, 11:10
Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды
Сайт әкімшілігі 16.03.2023, 10:59
Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Сайт әкімшілігі 15.03.2023, 10:20
Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары ұсталды
Сайт әкімшілігі 09.03.2023, 10:25
"Таңертең төсектен әзер тұрамын": 8 наурызда әйелдер наразылыққа шықты (видео)
Сайт әкімшілігі 06.03.2023, 07:36
Жетісу облысында бірнеше аула мен көшені тасқын су басты (видео)

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44