Бейбіт күннің батырлары құрметке лайық!

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

30.07.2022, 09:40

375

Кез келген төтенше жағдай кезінде дер кезінде қол ұшын созып, көмекке ұмтылудың маңызы зор! Өйткені бұл қауіптің алдын алып, төтенше жағдай салдарынан адам шығынының орын алмауын қамтамасыз етеді. Негізі Төтенше жағдай қызметіне қарасты арнайы мамандар  - құтқарушылардың бұл тұрғыда маңызы зор! Олар кез келген жағдайда халықты төтенше жағдайдан құтқаруға дайын тұрады. Қызметі де сан салалы. Төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу, техногенді жағдайларда қауіпті азайту, төтенше жағдай кезінде ең алдымен халықты қорғау олардың негізгі қызметі саналады. 

Және құтқарушылар келіп жетемін дегенше қарап тұрмастан көмекке ұмтылып, тіпті басын қатерге тігетін бейбіт күннің батырлары да жоқ емес. Көп жағдайда ел ішінен шыққан қарапайым азаматтар төтенше жағдай кезінде көмекке ұмтылып, ерлікке бергісіз іс әрекетімен көзге түсіп жатады. Оларды мемлекет тарапынан, жергілікті билік тарапынан елеп ескеріп, марапатқа ұсынып, қоғамымыздағы барша азаматтарымыз да ризашылығын білдіріп келеді. Ал олардың ерлікке бергісіз әрекетін марапаттау басқаларды да төтенше жағдай кезінде қарап тұрмай, көмекке ұмтылуға, қиын жағдайда басқаларға көмектесуге үндейді. 

Атап айта кетерлік жайт, көп жағдайда адамдардың қауіпсіздік ережесін сақтамауы төтенше жағдайға себеп болып жатады. Сондықтан қоғамымызда қауіпсіздік ережесін барынша насихаттау парыз! Жылдың төрт мезгілінде тыным таппайтын алматылық құтқарушылар жылына мыңнан астам шақыртуға барады екен. Демек құтқарушылар осынша мәрте қауіпке бастарын тіге отырып, басқалардың өміріне араша түседі. Олар бірде тау басында қалып кеткен немесе адасқан жандарды құтқарса, енді бірде суға кеткен жандарды құтқарады. Ал енді бірде жол көлік оқиғаларынан туындаған авариялық жағдайда жедел көмек көрсетіп, өрт кезінде де халықты тілсіз жаудың арасынан алып шығатын құтқарушылар. Олар өз өмірінен бұрын өзгелердің өміріне араша түсуге тырысады.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жылдың төрт мезгілінде де көмек көрсетуге тырысатын құтқарушыларға қойылар талап та жоғары. Яғни қыстың аязды күндері көз аштырмас боранға қарамастан, тілсіз жаумен күресіп, айдалада қар құрсауында қалып кеткен халықты құтқаруға тырысса, көктемгі сел кезінде басқалар сел аймағын тастап қашып жатқанда мал-жанды құқтқаруға тырысып апат аймағына ұмтылатындар да құтқарушылар. Ал тілсіз жауға қарсы тұра білу үшін физикалық дайындық өте маңызды. Сондықтан құтқарушылар үнемі сақадай сай жүреді.

Қоғамымызда қызметтік міндеті құтқарушы болмаса да көмекке ұмтылып, қоғамның ықыласына ие болып жататын бейбіт күннің батырлары да жоқ емес. Мәселен жақында ғана Түркістан өңірінде өз басын қауіпке тігіп, өзгенің өмірін қорғап қалған бірнеше азаматқа облыс әкімі тарапынан құрмет көрсетіліп, «Түркістан облысына сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапаттады. Олардың бірі өрт кезінде шатыр үстінде жалын жақындаған туды оттан аман алып қалса. Енді бірі әжетханаға түсіп кеткен баланы, келесісі су құбырына құлап кеткен сәбиді аман есен алып шыққан. Біреудің өміріне араша түсуден артық бақыт жоқ шығар. Сондықтан бейбіт күннің батырларын атай да кетсек, Хайруллаев Аян Рысбекұлы, Қансейіт Мұхаммед, Нұрғали Керімбеков секілді азаматтар өздеріне қоғам тарапынан көрсетіліп жатқан құрметке алғыстарын білдіріп, басқаларды да төтенше жағдай кезінде сергек болуға шақырды. Шыны керек төтенше жағдай кезінде әрбір минут санаулы болады, тілсіз жау саналатын өрт те, су да құрбанын аямайды. Сондықтан қоғамымызда батыр да, батыл жандардың орны бөлек.

Тағы бір мысал жақында Орал қаласының әкімі Мейіржан Сатқанов та  Шаған өзенінде ер адамды құтқарып қалған Данил Егузовты марапаттап, құрмет білдірді. Өз өміріне төнетін қауіпті ескерместен өзгені құтқаруға ұмтылу кез келген адамның қолынан келе бермейтін әрекет. Сондықтан мұндай жандарға сый құрмет көрсетілгені дұрыс. 

Осы орайда Шымкент қаласында да өзінің егіз бауырларын құтқарып қалған 12 жастағы Анна Саворовскаяның ерлігі де мақтауға тұрарлық. Сондықтан «Өрт кезінде көрсеткен батылдығы үшін» медалімен марапатталды. Бүгінде мектептер де балалар арасында арнайы кездесу ұйымдастырып, Анна Саворовскаяның ерлігін кеңірек үлгі етіп, оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі әрекеттердің маңыздылығы жайлы арнайы тәрбие сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Демек болашақта төтенше жағдайға төтеп бере алатын буын қалыптасады деген үміт зор!

Жыл сайын қоғамымызда ерлігімен көзге түскендерді марапаттап жатамыз. Төтенше жағдай қызметі бейбіт күннің батырларына лайық құрмет көрсетуді, басқаларға үлгі болу үшін де ерлік ескерусіз қалмауы керек екенін жті атап өтеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49