Бизнесті қолдау экожүйесі қалыптасып келеді

Еркежан АРЫН

29.09.2022, 15:07

930

Үкіметтің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №2371 қаулысы негізінде ШОБ субъектілеріне цифрлық платформа негізінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша экспериментті бастау мерзімдері бекітілді. Эксперимент 2022 жылдың 1 ақпанында іске қосылып, 2025 жылдың 1 ақпанына дейін жалғасады.

Қолдау шағын және орта бизнеске, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, сондай-ақ өз ісін ашқалы отырған жеке тұлғаларға әсер етеді.

Бұл жүйе кәсіпкерлік қызметті ашуды, қолдауды және дамытуды барынша жеңілдетеді. Оған министрліктер мен ведомстволар, даму институттары, несие және сақтандыру ұйымдары қосылады. Олар ведомствоаралық электронды өзара іс-қимыл жүйесі арқылы қажетті ақпаратпен алмасады.

Бұл жаңашылдықтың мақсаты – шағын бизнеске арналған барлық қызметтерді бір жүйеге біріктіру және кәсіпкерлерге қажетті мемлекеттік қолдау шараларын қашықтан таңдау және алу мүмкіндігін беру. Жүйе мақсатты іріктеуді, мемлекеттік қолдау шараларын белсенді бекітуді, сондай-ақ бизнесті жүргізудің әртүрлі кезеңдерінде қажетті қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін цифрлық платформа негізінде жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда жүйе кәсіпкерлердің қатысуынсыз қашықтан жұмыс істейтін болады. 2024 жылға қарай жүйеге 20-дан астам түрлі қызметтерді енгізу жоспарлануда.

Цифрлық платформаның әрбір пайдаланушысының өзінің цифрлық профилі болады. Жүйеге қатысушылар бизнестің даму дәрежесі мен нақты қажеттіліктерді ескере отырып, қолдау құралдары мен қызметтерін пайдалана алады.

Осы жоба аясында шешілетін негізгі міндеттер:

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша цифрландырылған өңірлік қызметтер тізіліміне қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • цифрлық платформа қызметтері бар мобильді қосымшаны іске қосу;
  • платформадағы базарлардың агрегаторы – цифрлық сервис арқылы тауарлар мен қызметтерді сату үшін жағдай жасау;
  • қызметкерлерді тартуға көмектесу, жұмысқа үміткерлерге ұсыныстар беру, соның ішінде, қызметтермен және «Электрондық жұмыс кітабымен» біріктіру арқылы;
  • мемлекеттік қолдау шараларын, қызметтері мен шешімдерін мақсатты таңдауды, көмек көрсету құралдарын белсенді түрде бекітуді қамтамасыз етеді.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:17
Екібастұздың жылусыз қалғанына кім кінәлі? (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 12:04
Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:05
Екібастұзда не болып жатыр? (видео)
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:23
Атырауда жайылымға мұнай төгілген (видео)
Сайт әкімшілігі 25.11.2022, 17:14
«Қазфосфат» кеніштеріндегі наразылық: компания басшылығы пікір білдірді (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.11.2022, 13:05
Қарағандыда жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43