Бүлікшілер «Алтын адамды» алып кетпек болған

Жарас КЕМЕЛЖАН

11.01.2022, 12:13

1766

Алматы қаласындағы Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейіне бүлікшілер шабуыл жасаған. 5 қаңтар күні бүлікшілер музейге кірген бетте «Алтын адамды» және музейдегі алтын заттарды іздеген,-деп хабарлайды «Жас Алаш». 

 Бұл туралы музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы айтты.

Ол «Қалада оқыс жағдай басталған кезде музейде жеті қызметкер қалып, басқаларын үйлеріне қайтарып жібердік. Түстен кейін музейге таяу орналасқан жердегі ғимараттарға шабуыл жасалып, өртеніп жатқанын байқадық. Шамамен сағат 16.00 кезінде 200-дей шабуыл жасаушы музей ғимаратына кірді. Жүгіріп алдарынан шықтым. Барлығы дерлік жастар. Бар дауысыммен айқайлап, ештеңеге тиіспеуін өтіндім. Сөзге тоқтамай, электронды құрылғыларды қирата бастады. Арасында біреулері менің сөзімді естіп, қалғанына тоқтау салды» дейді.

Бибігүл Дәндіқарақызы бүлікшілерге «Бұл заттардың барлығы – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Сындырмаңыздаршы, бұларды өртесек, біздің тарихымызда ештеңе қалмайды. Ертеңгі күні сіздерге керек болады ғой» деп жалынған.

Олардың кейбірі музей қызметкерінің сөзін тыңдаған. 

 «Тыныштық орнатып, менен «Алтын адамның» оригиналы қайда?», «Алтын заттар қайда тұр?», «қылыштар бар ма?» деп сұрай бастады. «Алтын адамның» түпнұсқасының бізде емес екенін айттым. Бұл уақытта музей залдарында негізгі жарық емес, кезекші жарық шамдары жанып тұрған. Соның көмегі тиді ме деп ойлаймын, кейбір заттар қараңғыда анық көріне қоймады.

Музей туралы, музейдің қазір және болашақта не үшін керек екенін тоқтамай айта беріппін. Араларына кіріп, бірде ортасына шығып, барынша көндіруге тырыстым. Менімен бірге тұрған музей қызметкерлері естіген екен, арасында тұрған біреуі мені «өлтіріп кетейік» деп, жан-жағындағыларға айтқан. Мен мұны естімедім. Бір кезде арасындағы 20 шақтысы діни рәсімдерін жасап, музейде тыныштық орнады. Құлшылықтарын жасаған соң, барлығы сөзге тоқтады. Арасындағы біреуіне бағына бастады.Шамамен 5 сағаттай уақыт өткен соң, сырттан қара пальто киген екі жігіт келді. Жақсы киінген, түзу адамдар сияқты көрінді. Ол екеуі топты басқарып жүргендермен сөйлесіп, Алматы әуежайына кететінін, біраз уақыттан соң қайтып келетінін және музей ғимараты олардың штабына айналатынын айтты. Үнсіз бас изеп, олардың тезірек кетуін тіледік. Ішінен 20 шақты адам тағы да діни рәсімдерге сәйкес құлшылық жасап болған соң, барлығы біреуінің командасымен сыртқа шықты. Бұл шамамен 21.00-ден асқан уақыт болатын», – дейді Бибігүл Дәндіқарақызы. 

Жағдай тынышталып, әлі талай шындықтың беті ашылады. Сол кезде музейде болған жағдай сияқты басқа да ақиқаттар айтылады.

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:06
Алаңдағыларға қару таратқандар ұсталды (видео)
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:48
Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 13:00
Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 14:13
"Басынан қан ағып жатқанын көргенде айғайлап жібердім" - 12 жастағы баланың анасы
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 10:09
Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі 19,6 есе артты
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 16:07
Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38