Цифрланудың берері мол

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

29.09.2022, 11:30

944

Құқықтық мемлекетке жету жолындағы басты міндет – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мінсіз қорғау десек, бұл мәселеде ашықтық пен жариялылықтың маңызы зор. Сондықтан соңғы жылдары салаға енгізілген өзгерістердің барлығы саланың ашықтығын, тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе сандық технологиялардың сот жүйесіне көптеп енгізілуі сала жұмысын халыққа оңтайлы етіп қана қоймай, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға да оң ықпал етті.

 Мәселен, қазіргі таңда соттар жұмысында заманауи ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылуда. Бір ғана мысал айтар болсақ, «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекет қызметін ішінара алуға, «Талдау» форумына ауысуға, тіпті өз ісі бойынша мәселенің қандай сатыда тұрғанын анықтап, үйден көріп отыруға, кейбір құжаттарды онлайн шығарып алуға да жол ашылды. Ал сандық технология арқылы істердің автоматты түрде соттарға бөлінуінің өзі салаға деген күдікті азайтты. Яғни сот пен тараптардың бір-бірін таңдап алмайтынын көрсетіп, жалпы жүйедегі тамыр таныстықтың жолын кесуге бағытталғанын айғақтады. Бүгінгі күні салаға ашықтық әкелген мұндай жаңашылдықтар халықтың көңілінен шығуда.

Сондай-ақ бүгінде барлық сотта сот отырыстары дыбыс-бейне құралдарына жазылады. Шағымдарды электронды түрде қабылдау, SMS хабарламалар, компьютерлік техникалар мен бейнебайланыс жүйесін қолдану уақыт талабына жауап береді. Тіпті жұртшылық соттарға келмей-ақ «WhatsApp», «TrueConf» және «Zoom» мобильді қосымшаларының көмегімен өз құқықтарын қорғай алуда. Яғни әділ шешім шығаруда, соттарға қысым көрсетілмеуде, тараптардың да ретсіз сандалмай істерін шешуіне бұл жүйенің тигізер көмегі зор болып отыр. Сондай-ақ ел азаматтары сотқа талап арыз түсірген сәттен бастап, істің бағытын бақылау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұрын мұның барлығы ашық көрсетілмейтін, сотпен жүйкесі тозған тараптарға мұның өзі теріс әсер сыйлайтын. Ал бүгінгі күні сала қағазбастылықтан арылып, цифрландыру жұмыстары белсенді қолға алынуда. Жалпы жүйеде жасалып жатқан реформалар сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға ғана емес, саланың ашықтығын да қамтамасыз ете алды.

Күнделікті сот тәжірибесінде соттардың IT технологиялар мен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалануы – сот жүйесінің дамуына, заман сұранысына сай жариялылыққа бейімделуіне де өз әсерін тигізді.  Өз кезегінде жаңа технологиялар сот ісін жүргізу уақытын елеулі түрде қысқартып, сот жұмыстарының көрсеткіштерін оңтайландырды, ең бастысы, халықтың соттарға деген сенімінің қалыптасуына ықпал етті.

Жалпы салада сандық технологиялардың көмегімен көптеген өзгерістер жасалуда. Соның бірі – Ахуалдық орталық. Ол сот жұмысының кестесінде болатын ақауларды жедел анықтау мен түзетуге бағытталған, сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі жаңа практикалық цифрлық шешім. Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдеткен саладағы сандық технологиялардың қай қайсысы болмасын өзінің маңызды екенін көрсетуде. Сондықтан сот жүйесінің цифрлануы – саланы дамудың жаңа бір деңгейіне көтерді деп айта аламыз

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:17
Екібастұздың жылусыз қалғанына кім кінәлі? (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 12:04
Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:05
Екібастұзда не болып жатыр? (видео)
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:23
Атырауда жайылымға мұнай төгілген (видео)
Сайт әкімшілігі 25.11.2022, 17:14
«Қазфосфат» кеніштеріндегі наразылық: компания басшылығы пікір білдірді (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.11.2022, 13:05
Қарағандыда жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43