«Халыққа қайтарылсын!»

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

24.06.2022, 10:43

1349

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне өткізуді талап еткен петиция жарияланды.

«Ресейдегі кен өндіретін компанияларға қарағанда, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы құрылғыларды жаңартуға аз инвестиция бөледі». (вставка)

Соңғы уақытта кен орындарында апатты жағдай жиілеп кеткен «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді. Еске сала кетсек, 10 маусымда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының мамандары «Құрылысмет» ЖШС аумағында ұста-пресс цехындағы іске қосылмаған термиялық пештің отқа төзімді материалдарын бұзу кезінде оның күмбезі құлап кеткен-ді. Үйіндінің астында бес адам қалып қойды, оның төртеуі қаза тапты. Бүгінде бұл апаттың себеп-салдарын арнайы құрылған мемлекеттік комиссия анықтап жатыр. Кеше осы оқиғаға қатысы бар деген күдікке ілінген «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының екі лауазымды қызметкері қамауға алынды. Алайда компания бастығы бұл лауазымды тұлғалардың нақты қандай қызмет атқаратынын айтпады. Бұл цехта 2021 жылы екі плита құлап, авариялық жағдай туындаған соң, өндірістік қауіпсіздік департаменті мұндағы жұмысты тоқтатып тастаған-ды.

— Қайғылы оқиға болған нысанға келетін болсақ, бұл жер тексеріліп жатқан болатын, пайдаланудан 2021 жылдың қаңтарынан шығарылған. Нақты бұл кәсіпорында өндіріс жұмыстары жүргізілген жоқ. Тек ғимараттың шатырын ауыстыруға қатысты жұмыстар жасалып жатқан, жұмыстың 50 пайызы аяқталып қалған-ды. Төтенше оқиға болған кезде шатыр толығымен ауыстырылған еді. Дегенмен апатқа нақты ненің себеп болғанын мемлекеттік комиссия тексеру жұмысын аяқтамай, айта алмаймыз. Ал енді қамауға алынған біздің мамандар туралы тергеу болып жатқандықтан, тағы қандай да бір мәлімет бере алмаймыз, – деді компанияның бас директоры Биджу Наир.

Төрт адам ажал құшқан оқиғадан кейін көп ұзамай, комбинаттың 2-ші жылу энерго орталығында тағы бір жұмыскер 20 метр биіктіктен құлап мерт болды. Компания бастығы бұл оқиға жаңа қазандық құрылысын салып жатқан кезде орын алғанын, марқұмның мердігер ұйымның маманы екенін айтты. Дейтұрғанмен бұл оқиға да тексеріліп жатыр деген желеумен нақты ақпарат берілмеді.

Жалпы, компанияның шахталарында орын алатын қайғылы жайттарға кеншілер құрылғылардың жаңартылмауы себеп болады деген наразылық білдіруде. Бірнеше жыл осы компанияда басшылық лауазымда қызмет атқарып, кейін облыс әкімінің орынбасары болған Вадим Басин құрылғыларды жаңартуға көп инвестиция кетеді, ол оңай емес деген пікірін білдірді. Вадим Басиннің айтуынша, 1995 2022 жылдар аралығында компанияның құрылғыларды жаңартуға бөлген инвестициясы Ресейдегі осындай өндірістермен салыстырғанда, тым аз болып шыққан. Ал компанияның бас директоры инвестиция бөлеміз, құрылғыларды жаңартамыз деген бұрынғы уәдесін тағы айтып, жарылқады.

– Біз ағымдағы жылға үш жүз миллион доллар инвестиция құямыз деп жоспарладық. Негізінен, қаражат бұдан да көп мөлшерде қарастырылмақшы болған. Алайда геосаяси жағдайлар салдарынан, кейбір шектеулер орын алуда. Ал көмір департаментінің шахталарына қатысты биыл екі жүз миллион доллар бөлуді жоспарлап отырмыз. Еуропалық стандартқа сай жаңа құрылғылар аламыз», – дейді уәдені үйіп төккен Биджу Наир.

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде қазақстандықтар «еліміздегі ең ірі алпауыт кәсіпорын «Арселор Миттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне өткізсін», – деген талаппен петиция жариялауда. Дегенмен компания басшысы бұл петициядан хабарының жоқ екенін, бірақ өндіріс қауіпсіздігін арттыруға үлес қосатынын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49