29.11.2020, 10:26
1710
Біз бұдан бұрын Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық ауылына барып кереғар келеңсіздіктер жылда орын алып жатқанын мәлем еттік. Мәселен, мұнда жол қауіпсіздігін сақтаудың қадағалаусыз қалдырылуы салдарынан адамдардың апатты жағдайға тап болуы соңғы жылдары тіптен жиілеп кетті. Олардың арасында бақилыққа аттанып кеткендермен қатар, жарық дүниені жалпағынан баса алмайтын мүшкіл халге түскен, жарымжан болып қалғандары қаншама?! Сонда да бұл мәселе жергілікті атқарушы орындар тарапынан әлі күнге ескерілер емес. Осындай апаттың салдарынан зардап шеккен Жұманиязовтар отбасына «Жас Алаш» газетінің тілшілері арнайы барып тілдесіп қайтты.
Артынша «Жас Алашта» , «Сабақ оқысам басым айналады» деген атпен арнайы мақала жарық көрді. Енді міне сол отбасын бақытсыздыққа жетелеген оқиға желісін «Жас Алаштың» ютуб арнасына салып отырмыз.
Ондағы ойымыз, отбасының қайғысы жергіілкті әкімдіктің, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық сот назарын аударар деген ниет болды.
Видеоның толық нұсқасын мына жерден көруге болады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР