Маңғыстауда ауылдарды құм басып жатыр (видео)

Сайт әкімшілігі

14.04.2021, 13:28

5873

Маңғыстау облысында екі бірдей ауылға құм көшкінінің астында қалу қаупі төніп тұр. Жұрт жандарын шүберекке түйіп, күні-түні үрейленіп отыр. Тіпті, қоныстарын тастап, басқа елді мекенге көшіп кеткендері де бар. Ал, аудан орталығындағы атқамінерлер бұл мәселемен таныс. Алайда, шенеуніктер құм көшкінін тоқтатуға әзірге асықпайтын сыңайлы, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.  

Бұл шалғай жерде орналасқан аядай ғана Жарма ауылы. Мұнда қазір 20 үй бар. Тұрғындардың айтуынша, кезінде құм ауылдан 1 шақырым қашықтықта жатқан екен. Ал қазір ауыл іргесіне келіп жетті.

Жарма ауылында 100 шақты тұрғын бар. Мұнда шеткі үйлердің ауласын құм басып, тіпті кей тұрғындардың қорасы қирап қалған. Жұрт төрт түлігін қамайтын қора жоқ деп отыр. Шамасы келгендер техника жалдап, құмнан тазартып, қираған қораларын қалпына келтіріпті. Ал қалғаны өз күштерімен күресуге тырысып жатыр.

– Мен 100 мың теңге, 1 тай бердім. Екі күн бойы қорамның айналасын тазалап берді. Менің өзім. Елдің не бергенін білмеймін. Сондай-сондай жасатты әр жерден шамасы келгендер, – дейді ауыл тұрғыны Алдаберді Ақшабаев.

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:53
Үш вакцинаның қайсысы тиімді? (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 14:15
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақаттанды (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 12:00
«10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»: Жолманова мәлімдеме жасады (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 11:05
Шекарадағы қақтығыс: Қанша адам қаза тапқаны туралы мәлімет пайда болды (видео)
Сайт әкімшілігі 23.04.2021, 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)
Сайт әкімшілігі 15.04.2021, 12:06
20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06