19.10.2020, 09:16
6922
Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің Мақаншы өңірлік бөлімшесінде 33 жастағы жігіт қапыда қайтыс болды. Оқиға өткен аптаның жұма күні 16 қазанда болған. Әлеуметтік желі арқылы өңірлік бөлімшеден тарап кеткен бірнеше видео барысына қарасақ, ауыл тұрғынының полицейлер қолынан өлтірілгені көзге ұрып тұр. Білуімізше, қайтыс болған жігіт – Қаратұма ауылының тұрғыны.
Марқұм ағасын іздеп ішкі істер бөлімшесіне келген інісі мақаншылық «қызыл жағалылардың» бірқатарынан қайғылы оқиғаға байланысты түсінік беруін сұрағанымен, мардымды жауап ала алмай тұрғаны көрінеді. Тіпті, бір видеода Үржар ауданы прокуроры Ержан Кошкиннің қызметтік куәлігін көрсете алмай, наразы адамдардың алдында жер шұқығаны да көрініп тұр.
Бұған дейін Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан аудандарының прокуроры қызметін атқарған ол Үржар ауданының прокуроры қызметіне өткен жылдың наурыз айында ғана тағайындалған болатын.
Ішкі істер бөлімшесінде болған кісі өлімін ШҚО Ішкі істер департаментінің басшысы Сағат Мәдиев төмендегі видеоүндеуі арқылы растады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР