Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)

Сайт әкімшілігі

12.04.2023, 17:53

1944

Бүгін Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда ЛГБТ насихатына жол бермеу керектігін айтты, деп хабарлайды Жас Алаш

Өз сауалында депутат Ардақ Назаров: 

— Экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармауыз керек. Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет.  8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ олай болмады. Жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр. Жалпы соңғы кезде еліміздің ақпараттық кеңістігінде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатыр. Насихаттаушылардың артында батыстың халықаралық ұйымдары тұрғаны да бәрімізге мәлім, — деді. 

Депутаттың айтуынша, қазір Астана мен Алматы сынды ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде гомосексуализмнде де өте қарқынды насихатталып жатыр.

— Қазір менің осы депутаттық сауалым жарияланысымен-ақ өз қандастарымыз жағамнан алатынын біліп отырмын. «Толеранттық», «төзімділік» деген сөздерді қалқан етіп, әлеуметтік желілерде қаралайды. Осындай азаматтарға айтарым: ертең сіздің ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе, немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе? — деді ол. 

Ардақ Назаровтың пікірінше, ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жоюды көздейді.

Ұлт құрыса, мемлекет құлайды. Біз жастарымыздың тәрбиесіне селқос қарамай, қазірден қамдануымыз керек. Кеше алаңда ЛГБТ жалауын жамылып жүрген балалар бөтен емес, ол – сіздің де, менің де балам, ол – қазақтың қаракөздері. «Бәле менің үйіме келмесе болды» деп алаңсыз жүре алмаймыз. Келетін індет келіп болды, оның тамырына қазір балта шаппасақ, ертең бармақ шайнап қалатынымыз айдан анық, — деді депутат.

Осыған байланысты депутат бірнеше ұсынысын да жеткізді:

  • Митингке келген балалардың ата-аналарынан сұрау алынсын;
  • Барлық платформада, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынсын.
  • Теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, Парламентке қарастыруға енгізілсін.
  • Республика көлеміндегі оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтары оқытылсын.

Депутаттың сауалына қатысты   заңгер Жандос Өмірәлиевтің пікірін де  білдік. 

Заңгердің айтуынша, Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 14-бапта ешкімді жынысына, тіліне, дініне, басқа да белгілеріне қарай кемсітуге болмайды деп жазылған.

— Жалпы,  біз 2011 жылы БҰҰ қабылдамақ болған «Жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестік туралы» декларациясына қарсы болған жалғыз мемлекетпіз. Бірақ бізде ЛГБТ-ны насихаттауға қатысты ешқандай заң нормалары жоқ. Сәйкесінше елде мұндай насихатқа тыйым салынбайды деген сөз. Айталық, ЛГБТ қауымдастығынан шыққан бір адам зорлық көрсе немесе кісі қолынан көз жұмса, мұндай істер жалпы деңгейде қарастырылады. Осылайша Қазақстанда ЛГБТ өкілдеріне қатысты заңдық тұрғыдан ешқандай шектеу жоқ. Бірақ шектеу болмағанымен ЛГБТ насихатын жүргізу біздің менталитетімізге жат екені даусыз. Сондықтан келешекте үкімет осы мәселеге қатысты бір ұтымды шешімдерді қарастыруы керек. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.08.2023, 08:28
Тоғыз жасар Әбілмансұр Торлыбекті ерлігі үшін ТЖМ марапаттады
Сайт әкімшілігі 16.08.2023, 15:27
Атыраудағы мешітте төбелес болды (видео)
Сайт әкімшілігі 16.08.2023, 15:08
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан екі қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылады
Т.Раушанұлы 15.08.2023, 14:01
Махачкалада жарылыс: 30-ға жуық адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды (видео)
Сайт әкімшілігі 11.08.2023, 17:24
Ресей 50 жылдан соң Айға зонд ұшырды
Сайт әкімшілігі 09.08.2023, 16:21
Қарағандыда ауруханаға түскен 14 баланың қанынан белгісіз улы зат анықталды (видео)

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55