«Өндіріс ошақтарының жұмысы ұдайы бақылауда»

Азат ӘЛИХАН

30.07.2022, 09:49

587

Әлем елдері бүгінде экология тазалығына баса назар аударып келеді. Өйткені табиғаттың ластануы қоршаған ортаға ғана емес, халықтың денсаулығына да орасан зиян. Сол себепті жасыл экономиканы жандандырып, елдің табысын да арттыруды ойлайтын әрбір ел өздеріне қажетті технология тілін меңгеріп, қажет болса қалдықтың өзін қажетке жаратудың жолдарын іздеп жатыр. Біздің елімізде де соңғы жылдары жасыл экономикаға жете көңіл бөлініп келеді. Тіпті «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы да қолға алынған. Осы орайда Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Қожықовты әңгімеге тартқан едік.

– Ерболат Селбайұлы, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының мақсат-міндеті қандай?

– Өздеріңіз білесіздер,«Қазгидромет» экологияның ластануы бойынша жыл сайын мемлекеттік мониторинг жүргізеді. 2020-2021 жылдың қорытындысы бойынша, атмосфералық ластану индексі жоғары деңгейдегі он қала анықталған болатын. Оған сәйкес, республикадағы Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау,Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларының атмосфералық ластану индексі ең жоғары деңгейде қалып отыр. Өндіріс алыптары орналасқан өнеркәсіп қалалары болғандықтан бұл аймақтарда шығындылардың үлесі көп. Оның ішінде электр стансалары, көмір жағу мен жеке секторлар бар, автокөліктің шығарылымы көп болғандықтан жалпыұлттық жоспар құрылды. Сол жоспардың 63 тармағын іске асыру көзделіп отыр.  Мысалға «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында министрлік осы қалаларда орналасқан өндіріс ошақтарының шығарылындарын 20-30 пайызға азайту қолға алынған. Осы он қаланың ішінде 13 өндірістік кәсіпорын бар. Қазіргі кезде оларды «Жасыл Қазақстанға» кіргізіп, сол бойынша 2022-2024 жылдары шығарылындарын 20-30 пайызға төмендету керек деген  талап қойып отырмыз. Шығындыларды азайтуға қол жеткізу және экологиялық кодекстерге сәйкес, бірінші санаттағы өндіріс ошақтарын кешенді экологиялық рұқсаттарға көшіру міндеттеледі. Оған сәйкес, сол 13 кәсіпорын кешенді экологиялық рұқсатнамаға көшуі тиіс. Рұқсатты алу үшін ең озық қолжетімді технологияларды өндіріске енгізу керек.

– Осы міндеттемелерді орындаған өндірістік кәсіпорындарды мемлекет қалай ынталандыра алады?  

Әрбір кәсіпорын шығарылындары мен тастандылары үшін мемлекетке миллиардтаған көлемде эмиссия төлейді. Мәселен, Атырау облысындағы өндірістік компаниялардан төленетін эмиссиядан жылына мемлекетке 19 миллиардтан астам ақша түсіп отырады. Ақтөбе облысында да жыл сайын 10-11 млрд ақша түседі. Ал мемлекет тарапынан ынталантыру жұмысы сол, егер өндірістік компаниялар ең озық қолжетімді технологияны қолданысқа енгізіп, кешенді экологиялық рұқсат алған жағдайда эмиссия үшін салықтан босатылады. Бұл мемлекет жасап отырған үлкен мүмкіндік.

– Өндіріс ошақтарынан шыққан қалдықтарды өзен-көлдерге ағызу, қалай болса солай қалдықтарды тастау жағдайлары қайсы аймақта жиі тіркеледі?

Рас, ондай өндіріс ошақтары өте көп. Шығарылындар мен тастандылар бойынша ең көп заңбұзушылық анықталатын аймақтарға Қарағанды облысы мен Өскемендегі өндіріс ошақтары жатады. Себебі, олардың өндірістік технологиялары көмір пайдаланады. Барлығына мәлім, көмірдің шығарылындары көп және өте зиянды. Қазір бұл бойынша Энергетика министрлігімен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Көптеген компанияларды газға көшіру бойынша атқарылған жұмыстар да жетерлік. Мысалға алсақ, елордадағы «Астана энергия» су жылытатын қазандықтарын газға ауыстырды. Ол да бір жетістік. Ендігі жерде электр өндіретін қазандықтарды да газға аудару бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның нәтижесінде шығарылындарды 30-50 пайызға азайту көзделген. Сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» жобасына кірген 13 компанияға алдағы 2-3 жылда тиісті шараларды қолдануға міндеттеу міндеті тұр.

– Мемлекет тарапынан айтылған міндеттемелерге жүрдім-бардым қараған өндіріс ошақтарының иелеріне қатаң шара қолданыла ма?

Әрине.Негізі ұлттық жобамызға сәйкес, 13 өндіріс ошағы рұқсат қағазын аларда жобалық құжаттарын әзірлейді. Қолжетімді жаңа технологияларды енгізуге рұқсатнама алу үшін тиісті сараптамалық тексерістер жасаймыз. Екіншіден, мемлекеттік экологиялық қадағалау шеңберінде жоғары айыппұлдар мен нұсқама беріледі. Жаңағы айтқан 13 компания қазір мемлекеттің ұдайы бақылауына алынған. Комитет пен аймақтағы департаменттер компанияның бүкіл құжаттарын тексеріп, қандай шара қолданып жатқанын, қандай жоспар енгізіп, қандай инвестиция тартып жатқанын тексерген сайын сараптама жасайды.

– Экологияға зиян келтіріп жатқан автокөліктермен қандай күрес жүріп жатыр? Бұл да экологияға зиян келтіреді ғой.

Біз 2020-2021 жылдары әр аймақ бойынша жол картасын әзірлеген болатынбыз. Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары бойынша үкіметпен бекітілген жол картасы бар.  Сол бойынша барлық экологиялық мәселелерді шешу көзделген. Оның ішінде автокөліктердің шығарылындары бойынша үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Осы екі қалада көліктің саны көп, демек автокөліктердің шығарлындары да бар екені белгілі. 2015 жылдың басынан бастап Қазақстанда жеңіл автомобильдер үшін экологиялық қауіпсіздіктің жаңа стандарты қолданылады. Қазір қосымша басқа да мемлекеттік органдармен жұмыс жасап жатырмыз. Қалаға кіретін көліктерге шектеу бар. Мысалы, Алматы қаласында 19 экопост қолданысқа берілген. Қаңтар айында кейбіреуі төңкеріліп кеткен еді, қазір жөндеу жұмыстары жасалып, қайта іске қостық. Одан басқа, жол картасы шеңберінде жанар-жағармайдың сапасын тексеру бойынша мемлекеттік қадағалауға көштік.

– Ұлттық жобаны әзірлеу барысында тиімді жұмыс істеп жатқан шетелдік тәжірибелерді қолданысқа енгізу көзделген бе?

Біздің министрліктежаңа технологияларды зерттеу орталығы жұмыс істейді. Қазір біз қолжетімді технологиялар бойынша анықтамалық әзірлеп жатырмыз. Бүгіннің өзінде 46 анықтамалық бекітілді. Соның ішінде қандай шығарылындар мен тастандылар бойынша қандай технологиялар тиімді, қандай елде жасалғаны көрсетілген. Соған сүйене отырып кәсіпорындар көрсетілген технологиялармен танысып, қолданысқа енгізе алады.

Республика бойынша бүгінде 16 жол картасы бар. Бүгінде сол бойынша жергілікті атқарушы органмен бірқатар шараларды да бекітіп жатырмыз. Өндірістік компаниялар шығындыларын азайтуға міндеттеме алды. Қосымша бұрыннан бері бас ауруға айналған экологиялық мәселелерді шешуді де қарастырамыз. Бастаған ісімізді тиімді атқара алсақ, 2025 жылға қарай ірі компаниялар жаппай кешенді экологиялық рұқсатнамаға өтіп, ауа сапасы жақсарады деген үміт бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49