Өнеркәсіп орындарының қауіпсіздігі басты назарда

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

31.07.2022, 09:43

645

Еліміздегі өнеркәсіп орындарының қоршаған ортаға залалсыз жұмыс істеуі, ондағы жұмысшыларының қауіпсіздігі бүгінгі күні басты мақсат болып отыр. Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп орындарының талапқа сай болуы үшін үнемі қадағалап отырады. Осы орайда айта кетсек, жыл басынан бері еліміздің өндірістік нысандарында 10 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу деректері тіркеліпті. Қазіргі таңда осы қауіпсіздік ережесін бұзу деректерін барынша азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері ведомствоның инспекторлары өнеркәсіп орындарында 637 рет тексеру жүргізген. Осы тексерулердің нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10 486 рет бұзылғаны анықталған. Және қауіпсіздік ережесін қайталап бұзбауы үшін өнеркәсіп орындарының иелеріне 75,5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салыныпты. Атап өтер жайт әрбір бұзылған қауіпсіздік ережесі адам өміріне қауп төндіруі әбден мүмкін. Сондықтан өнеркәсіп орындарының жауапкершілігін барынша жоғарылату қажет. Осы орайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндей ахуалға жол бергені үшін 225 нысанның жұмысы тоқтатылыпты. Яғни еліміздің төтенше жағдайға жауапты қызметі адам өміріне қауіп төндіретін нысандардың жұмысына қатаң талаппен қарайды.

Дегенмен өндірістік орындарында қайғылы ағдайлар да орын алып жатады. Мәселен осы жылдың алғашқы алты айында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Атырау облысында қауіпті өндірістік объектілерде 6 апаттық жағдай тіркеліп, соның салдарынан 3 адам қаза болған, 1 адам ауыр жарақат алған. Ал бүгінгі күнге дейін өндірісте 13 авария мен 103 оқиға тіркелген. Сондықтан еліміздің Төтенше жағдайлар қызметі осы өңірлерге жиі ат басын тіреп, адам өлімі тіркелген өнідіріс орындарын ұдайы қадағалап отырады.

Соның айғағы кеше ғана Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып,  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ арнайы барды. Сапар барысында осы өндіріс орнындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ерекше бақылауына алатынын жеткізіп, аталмыш өндіріс орнынан әлі де болса жауапкершілігін арттыруды талап етті. Және де «Арселор Миттал Теміртау» басшылығы мен осы өңірдің Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен  бірлескен жиын өткізіп, өндірістегі қауіпсіздік мәселесіне айрықша мән беру уақыт талабы екенін атап өтті. Өз кезегінде өнеркәсіп орындарының басшылары да қауіпсіздік шарасын күшейту бағытындағы жұмыстарымен таныстырып өтті. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Өнекәсіптік қауіпсіздік департаментіне бизнес қауымдастықта тіркелетін апаттар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін қажетті әдістемелік көмек көрсетуді, уақыт талабына сай қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы өңірдің өндіріс орындарындағы қауіпсіздік мәселесі ғана емес, қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, онда дала өрттері мен су тасқынына байланысты мәселелер де қозғалып, тегін жағажайлар салып, ол жердегі қауіпсіздік ережесін күшейту мәселелері де сөз болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49