Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді (видео)

Сайт әкімшілігі

29.11.2022, 12:04

1361

ШҚО-да мектептерде сабақ уақытша тоқталып, оқушылар қашықтан білім алды. Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді. Ал қала жастары мен кей мекеме мамандары көше тазалап жүрген жұмысшылар мен аялдамадағы жолаушыларға ыстық шай тараттты, деп хабарлайды Жас Алаш «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қатты аязда Өскемен жылу электр орталығы пәтерлерді жылыта алмай жатыр. Желідегі су мөлшері көбейіп, салдарынан температура түсіп кеткен. Тұрғындар баспанасының салқындап кеткенін айтып шағымдануда. Дегенмен жылу станциясында ақау болғанын мамандар жасырмады. Қазандық агергаттарының бірінде датчик істен шыққан. Бірақ екі сағат ішінде жөнделген. Енді су айналымы қалыпқа келгенше шыдауға тура келеді.

«Қазір станция қызметі штаттық режімде.  7 қазандық 6 турбоагрегат жұмысы істеп тұр. Дегенмен жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Станция қуатын азайтып, керісінше желідегі темпереатураны арттыруға мүмкіндік жасадық. Ішкі шаралар аяқталған соң, барлығы реттеледі», — деді «Өскемен ЖЭО» кезекші аға инженер Евгений Васильев.  

Шыңылтыр аяз шаһардағы көлік қозғалысын қиындатты. Қоғамдық транспорттың 40 проценті желіге шықпады. Жүріп жүргендері де жиі сынып жатыр. Оны ауыстыратын келесі көлік шыққанша аялдама адамға лық толады. Аязға шыдамай электр сымдары үзілген трамвайлардың да бірнешеуі тұралап тұр.  Дегенмен автопарк қазір күшейілген тәртіпке көшіпті.

Сондай-ақ қала жастары болса қайырымдылық жасауға көшті. Автобустарын сарыла күткен аялдамадағы жолаушыларға ыстық шай, бәліш таратты.  Олар күн райы қандай болса да міндетін мінсіз орындайтын коммуналдық сала жұмысшыларын да ұмытпады.

Жастардың ізгі ісін қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері де іліп әкетті. Олар да аяздан домбыққан тұрғындарға ыстық сусын мен бауырсақ таратып, қайырлы істі жалғастыруға шақырды. Синоптиктер болса түнде облыста сынап бағанасы 36-38 кей жерде 43 градусқа дейін төмендеуі мүмкін дейді. Ал ертең аяз сынады. Өскеменде күндіз 21-23 градус суық болады деп болжанды.

Тегтер: Өскемен Жылу электр станса мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 16:23
Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған
Сайт әкімшілігі 26.01.2023, 15:16
Шамалған тұрғындары газ бағасының өсуіне байланысты тағы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 23.01.2023, 15:11
Құлдыққа түскен қазақстандықтар қалай құтылды? СІМ мән-жайды айтты
Сайт әкімшілігі 20.01.2023, 12:00
2022 жылы қазақстандықтар қанша айыппұл төлегені белгілі болды
Сайт әкімшілігі 05.01.2023, 12:24
Дерек пен Дәйек: Мәжілісте Қаңтар оқиғасына байланысты деректі фильм көрсетілді (видео)
Сайт әкімшілігі 05.01.2023, 10:50
Батыс Қазақстанда сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды (видео)

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16