Өзіңді сергек сезінгің келсе...

Ежелгі қытай дәрігері Хуа Тоның  ұйқы туралы кеңесі

Бифат ЕЛТАЕВА

21.06.2022, 15:10

897

Ұйқы – адам өмірінде үлкен маңыздылыққа ие физиологиялық үрдіс. Ұйықтау арқылы адам бойына күш жинап, миын тынықтырады. Әрі ұйқы кезінде ми тынығып, күндіз бойы жинақтаған мәліметтерді асықпай талдап, өңдеп, керегін алып, керек емесін ойдан шығарып тастайды. Тек ми ғана емес, адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыратын қабілетке ие. Ал ұйқысыз жүрген адамның күш-қуаты, жұмысқа қабілеттілігі 16 сағаттан кейін тоқтайтын көрінеді. Сондай-ақ бір апта бойы 6 сағаттан ғана ұйықтайтын болса, адамның есте сақтау қабілеті төмендейді. Сол себепті, ғалымдар ересек адамдарға күніне 8-9 сағат ұйықтауға кеңес береді. Ал сәбилер мен жасөспірім балалар 10 сағаттан кем ұйықтамау керек. Жалпы ұйқы ежелден бері зерттеліп келе жатқан тақырып болғандықтан, ежелгі Қытай дәрігері Хуа Тоның ұйқы туралы айтқан дәрігерлік кеңесін ұсынуды жөн көрдік. Дереккөз (Т.Е.Болыревтің «Қытай халық медицинасы» кітабынан алынған.  Хуа То кім дегенге келсек, ол  қытайдың ежелгі тарихындағы аса танымал 10 үздік дәрігерлерінің бірі. Ең алғаш медицнаға жансыздандыру (наркоз) тәсілін алғаш қолданған дәрігер. Ол сонымен қатар улы жәндіктерден зардап шеккен жандар мен жүкті әйелдерді емдеу арқылы да танылған. Ине салудың 34 нүктесі Хуа Тоның құрметіне арналған көрінеді. Сонымен дәрігер Хуа Тоның ұйқы туралы кеңесіне мән берсек, ол ұйықтау уақытын төрт мезетке бөлген. Егер сол мезет бойынша, адам ұйықтау тәртібін реттесе, күні бойы сергек жүреді. Сонымен, бірінші мезет – адамдар ерте тұру уақытын таң шеті сөгілген мезетке (03:00-5:00 аралығы) туралағаны жөн. Бұл кезде қамығуға, ашулануға болмайды. Олай болғанда өкпе мен бауырға зақым келеді. Егер осы уақыттарда оянсаңыз, күндіз бір күн бойы сергек жүре аласыз.

Түске таман кезде, яғни сағат 11:00-13:00 аралығы – жүрекке қуат жеткізілетін уақыт. Егер бұл мезетте ұйықтауға мұрса болмаса, 15 минут жайланып отырып, көзді жұмып жүйкені тыныштандырсаңыз, жүрек қуатыңыз толық болады. Жүрек ауруы барлар әр күні осы екі уақытта ұйықтауды ұмытпаса, дене қуаты күн сайын артады, жүрек қағуы қалыпқа түседі. Ал дәл түс мезгілінде көзді жұмып, 3 минут ұйықтау екі сағат ұйықтағанмен тең.

Жарым түн (түн ортасы: сағат 23:00-ден 01:00 аралығы). Шындығында, жаңа бір күн түнгі сағат 00-де емес 23:00-де басталады. Бауырдың бір ерекшелігі, адам жатқанда қан қайтады, отырсаң, тұрсаң басқа мүшеге қан жібереді. Бауыр мен өт екеуі ағайын, бірі аға, бірі іні секілді. Сағат 23:00-де өт қан жолы ашылады, егер ұйықтамасаңыз, өт қуатын зақымдайды. Іштегі 11 мүше өт қуатына сүйенеді. Өт қуаты әлсіресе, ішкі мүшелердің барлығының қызметі әлсірейді, зат алмасуы, иммунитет кемиді.

Түн ортасындағы 5 минуттық ұйқының өзі 6 сағаттық ұйқының демалысын сыйлай алады. Сондықтан ұйқысы қашып жүргендер немесе түнделетіп жұмыс істейтіндер жарым түнде уақытын бөліп жарты сағат ұйықтап алғанның өзінде денсаулығына түсетін артық қысымды жеңілдететін болады.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 24.06.2022, 16:20
Балабақшаларды лицензиялау керек пе?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.06.2022, 10:43
«Халыққа қайтарылсын!»
Ғаният НАСЫРОВ 23.06.2022, 10:20
Күйіп тұрған киік мәселесі
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.06.2022, 13:20
Қарқаралы, Бұхар жырау, Осакаров аудандарында дала өрті өршіп тұр
Айнұр ӘЛИ 21.06.2022, 13:50
Қаңғыбас итте қорған бар. Адамда ше?
Сайт әкімшілігі 20.06.2022, 09:54
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33