Павлодарда екі мектептің оқушылары мен мұғалімдері эвакуацияланды

Сайт әкімшілігі

13.02.2023, 15:08

2968

Павлодарда екі мектептің оқушылары мен мұғалімдері эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, барлығы шұғыл түрде мектеп ғимаратынан көшеге шығарылған. Эвакуация кезінде түсірілген видео жергілікті қоғамдық әлеуметтік желілердің парақшаларына тарап кеткен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 13 ақпанда таңертең № 34 орта мектептің директоры полицияға хабарласып, мектептің электронды поштасына мектепте «снаряд» бары туралы хабарлама келгенін айтқан.

«Оқиға орнына барлық қызметтер жіберілді. Ғимарат тексерілді. 1115 адам, оның ішінде 950 оқушы эвакуацияланды. Сондай-ақ, № 35 орта мектептен 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жарылғыш заттар бойынша мамандар ғимараттардан күдікті және жарылғыш құрылғылар таппады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген ҚР ІІМ Telegram-каналында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.05.2023, 18:00
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Сайт әкімшілігі 22.04.2023, 09:07
Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 19.04.2023, 10:40
13 градус аяз және қар жауады
Сайт әкімшілігі 12.04.2023, 17:53
Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 10:23
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 07:47
Шымкентте автобус апатынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00