Петропавл атауын өзгертуді талап еткен жастар петиция жолдады (видео)

Сайт әкімшілігі

23.12.2020, 09:20

1812

Петропавл қаласының атауын өзгертуді талап еткен “Намыс” жастар қозғалысының белсенділері аймақ басшысы Құмар Ақсақаловқа петиция жолдады. Бұдан бұрын Қызылжар мен Ертіс атауын қайтарыңыздар! — жастар Тоқаевқа үндеу жасағанын «Жас Алаш» жазған болатын.

Кеше Петицияны әкімге тапсыру үшін аймаққа арнайы келген жастар “біз күллі қазақтілді аудиторияның арызын арқалап келдік. Солтүстік қазақтандыру қажет” дейді.

ПЕТИЦИЯ

​Бүгінде елдің ауызбірлігін бұзуға, азаматтығымызға сына қағуға бәзбіреулер күш салып жүр. Орыстың Жириновский, Никонов, Федоров, Лимонов секілді шолақ саясаткерлерінің «Қазақ халқы болмаған», «Қазақстанның солтүстік аумағы Ресейдің жері» деген арандатушылығы белең алуда.

| DalaNews

​Осы шолақ саясаткерлердің арандатушылығы Қазақ еліндегі қоғамды, орыс тілді аудиторияны негізге алып, елді екіге бөлуге тырысуда.

Оның үстіне мемлекеттік маңызы бар Петропавл, Павлодар сынды қалалардың атауы шет тілінде болғаны олардың жұмысын жеңілдетіп отыр.

​Осындай арандатуышылыққа қашанғы бейжай отыра бересіздер?

​Сол себепті, жуық арада Петропавл қаласының атауын қазақиландыруды, байырғы атауы «ҚЫЗЫЛЖАР» атауын беруді және ана тіліміз, ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ үстемдігін арттыруды талап етеміз.

| DalaNews

​Солтүстік Қазақстандағы ағайын ана тілі, мемлекеттік тіл, қазақ тілінде сөйлемегенше қауіп-қатерден арыла алмаймыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 16:44
Коронавирус гүл арқылы жұға ма, министрлік түсінік берді (видео)
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 10:12
Арыс қаласында оқушылар арасындағы әскери байқау жаппай төбелеспен аяқталды
Сайт әкімшілігі 19.02.2021, 09:56
Қызылордада үй өртеніп бесіктегі сәби қаза болды (видео)
Сайт әкімшілігі 17.02.2021, 10:10
Пандемиядан кейін жеті жылдан ес жиямыз (видео)
Сайт әкімшілігі 15.02.2021, 12:15
Алматы облысында жол апатынан жеті адам қайтыс болды (видео)
Сайт әкімшілігі 08.02.2021, 12:28
Қостанайлық автобус жүргізушілері наразылыққа шықты (видео)

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44