Полиция қызметкерлері тоғызыншы қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды (видео)

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

19.11.2020, 14:31

2624

Қарағанды қаласында күндізгі сағат 14.00 шамасында Чапеев көшесінің тұрғындарынан полиция қызметіне шақырту түскен. Тұрғындар тоғызыншы қабаттағы балконнан бір бойжеткенннің секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлаған.

Шақырту түскеннен кейін үш минуттан соң оқиға орнына полиция қызметкерлері Бейбіт Байсеркин, Дарын Совет, Айбата Акимжанов барған.  

Тұрғындардың айтуынша бойжеткен балконның жиегіне отырып алып,  өзінің ешкімге керексіз екенін, өмір сүргісі келмейтінін айтып жылаған. Полиция келгенше тұрғындар оны алдарқатып, сөйлесіп тұрады.

Оқиға куәгерлерінің бірі полиция қызметкерлеріне бойжеткеннің жерге құлап кеткен сөмкесін ұстатқан. Полиция қызметкерлері сөмкедегі кілтпен пәтердің сыртқы есігін ашады. Алайда екінші есік ішінен бекітілгендіктен оны бұзуға тура келген. Есікті бұзу уақыт алғандықтан бір полиция  қызметкері тоғызыншы қабаттағы көрші орналасқан пәтердің балконына шығып, құлағалы тұрған бойжеткенмен сөйлеседі. 

— Пәтердегі екінші есікті бұзу уақыт алды. Оны бұзып ашқан соң, бірден балконға жүгіріп шығып тез қимылдап тұрғынды ішке қарай тартып түсірдік,- дейді  полиция қызметкері Дарын Совет. 

Өмірге өкпелеген бойжеткенді полиция қызметі оқиға орнына келген дәрігерлердің қолына тапсырған. 

— Оқиғаның алдында қыз бала анасымен ренжісіп қалыпты. Ол бұл ұрыс — керіске қатты ренжіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Полицияның дер кезінде әрекет жасауының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік болды,- деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тегтер: оқиға бақылау қадағалау жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:53
Үш вакцинаның қайсысы тиімді? (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 14:15
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақаттанды (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 12:00
«10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»: Жолманова мәлімдеме жасады (видео)
Сайт әкімшілігі 03.05.2021, 11:05
Шекарадағы қақтығыс: Қанша адам қаза тапқаны туралы мәлімет пайда болды (видео)
Сайт әкімшілігі 23.04.2021, 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)
Сайт әкімшілігі 15.04.2021, 12:06
20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09