"Қайғылы оқиға салдарынан біраз азаматтарымыздан айрылып қалдық" - Мәулен Әшімбаев

Сайт әкімшілігі

10.01.2022, 11:22

505

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде болған тәртіпсіздік салдарынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды «Жас Алаш».

«Құрметті достар! Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айрылып қалдық. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Парламент Сенатының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз», — деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы өз сөзінде қиын кезеңде Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет екенін айрықша атап өтті.

«Мемлекет басшысының батыл әрі уақтылы шешімдері Қазақстанның бейбіт және қалыпты өмірге тез оралуына мүмкіндік береді.

Осындай күрделі кезеңде біз Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет. Бұл — жағдайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам», — деп жазды Сенат Төрағасы.

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:06
Алаңдағыларға қару таратқандар ұсталды (видео)
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:48
Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 13:00
Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 14:13
"Басынан қан ағып жатқанын көргенде айғайлап жібердім" - 12 жастағы баланың анасы
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 10:09
Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі 19,6 есе артты
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 16:07
Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38