31.05.2022, 16:20
1483
Репрессия құрбандарына арналған ескерткішті Еуропалық қандастарымыз бастамаларымен қолға алынған. Нақты айтқанда, шетелде тұратын қазақтардың «Наурыз» қоғамдық ұйымының демеушілігімен әзірленген. Сәулет өнері таза гранит тастан қашалып жасалған. Елдік белгі «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» аллеясының ауласына орнатылды. Әрі, бұл арада орталық мешіт орын тепкен. Азалы жылдардың жаңғырығын көз алдына әкелетін композиция еске алу жиынына жиналған қауымды қатты тебірентті.
-Менің атам осы нәубеттің құрбаны болды. Әкемнен естіген тозақ жайлы ойлаудың өзі ауыр. Тұла бойыңды қасіретке бөгеді. Бірақ, өткен күннен әрқайсымыз сабақ алуымыз керек,-дейді салтанатты шараға келген Гүлжан апай.
Ашаршылық құрбандарын суреттеген туындыда төңкерілген қазанға сүйеніп отырған ер мен әйелдің азалы кейпі бейнеленген.
-Қазақтың қазаны ешқашан ортаймаған. Ал киелі қазанды төңкеру арқылы символиканы көрсеттім,-дейді мүсін авторы, Германиялық қандасымыз- Жармұхаммед Тілегенұлы.
Кеншілер шаhарындағы айтулы шараға еуропалық қазақтармен қатар, тағдыр тәлкегін тартқан репресия құрбандарының шетелдерде тұрып жатқан ұрпақтары да келді.
— Тарихи жобаның іске асуына ұйтқы болған қандастарымызға аймақ тұрғындары атынан алғыс айтамыз. Кешегі азалы жылдары шейіт болған аяулы тұлғалардың ұрпақтарына бұл күн ауыр екені шындық. Бірақ, тарихты қастерлеу-парызымыз. Кеткен нәубет қайта айналып келмесін айтамыз,-деді тағзым жиынында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов.
Қазақ халқы екі нәбетті бастан өткерді. Қос ашаршылықта да, халық қынадай қырылды. Ресми дереккесүйенсек, 1919-1922 жылдарда 1,5 миллион адам шетінесе, 1931-1933-жылдары 2,5 миллион қазақстандық опат болған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР