25.11.2022, 13:05
1163
Бүгін Қарағанды қаласындағы ДСК аспалы көпірінде №41 маршрут пен №146 автобус соғылып, қауіпті көлік апаты орын алды. Қақтығыс салдарынан № 41 маршруттың жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ауыр дене жарақатын алған № 146 автобустың жүргізушісі мен 15 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
— Аталған факті полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері апаттың себеп салдарын анықтау үстінде. Жол полицейлері жүргізушілерден көктайғақ кезінде көліктің жылдамдығын асырмай, тас жолда абайлап жүруді ескертеді,-деген мәлімдеме таратты ведмоствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті дәрігерлер қоғамдық көліктің ішіндегі тағы 8 адамға көмек көрсетілгенін жеткізді. Еске сала кетейік, бүгін таңертен кеншілер шаhарында жаңбыр жауып, оның арты көктайғаққа ұласты. Облыс орталығындағы қолайсыз ауа-райы бір тәулікке ұласты. Әзірге, Қарағандыға қатынайтын серіктес қалалар мен аудандардың тас жолы ашық.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР