Алматыдан келген feminita тобы қарсылыққа ұшырады
29.07.2021, 15:05
6338
Кеше Қарағандыда өтуі жоспарланған feminita тобының жиынын қарсы топ өткізбей тастады.
Алматыдан келген өкілдер оннан астам жергілікті тұрғынмен әйелдердің құқықтары және феминизм туралы әңгіме қаузап жатқанда бір топ ер адам ғимараттың ішіне рұқсатсыз кіріп келіп, басқосуды тоқтатуды талап еткен. Олар бір жыныстылардың одағын қолдау ұлттық құндылыққа қайшы әрекет, төл дәстүрімізге қара таңба түсіретін жат әдетті жасырын тықпалау -ұрпаққа қауіп екенін алға тартты.
Оқиға орнына жеделдетіп жеткен полиция жасағы ғимартты қоршауға алып, ішке енгендерді ығыстырып шығарды. Сәлден соң, шараға келгендерді көлікке отырғызып алып кетті.
Бұл өндірісті шаһарда соңғы жылдары қайталанбаған наразылық шарасы болды. Офлайн форматтағы кездесу санитарлық талапқа қайшы емес пе?- деген журналистердің сауалына бүгін облыстық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова: «Қазыбек би атындағы аудандық СЭҚ басқармасына қарасты мобильді топтардан ешқандай шұғыл хабарлама түскен жоқ» -деп жауап берді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР