Қарқаралы, Бұхар жырау, Осакаров аудандарында дала өрті өршіп тұр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

22.06.2022, 13:20

813

Төтенше жағдайлар қызметі өрт толық сөнбеді дегенмен  оның қарқынын бастық деп мәлімдеді. 

Қарағанды облысында бір мезетте бірнеше жерден дала өрті шыққан.Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінде 20 маусымда пайда болған ірі дала өрті 21 маусымда жойылды.

Мұнда 1500 га.алаңдағы шөп жанып кеткен. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, өртке қарсы ерікті құрылымдардың және орман шаруашылығының   57 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, 21 маусым күні сағат 14:58-де Қарқаралы ауданында Қу орман тоғай шаруашылығында өрт шыққаны туралы хабарлама төтенше жағдайлар қызметіне түскен. Өртті сөндіруге  төтенше жағдайлар мамандары және  «Алтай Полиметаллы»ЖШС-нің 270 адамы мен 43 техникасы жұмылдырылды. Жергілікті жердің тұрғындары да  күндіз түні өрт сөндіру қамымен жүрген. Аталмыш аумақтан 250 гектар жер жанып кеткен. Аудан әкімі Ерлан Құсайынның мәліметінше бүгін тілсіз жау ауыздықталған дегенмен бықсып жатқан жерлері бар. Т

абиғи өртті сөндіруге басқа облыстан тік ұшақ осы жерге жіберілген.Бұқар Жырау ауданында екі дала өрті тіркелген.

Бірінші өрт Қызылтау ауданы шатқалында  40 га алаңда құрғақ шөп және  2 га. алаңда бұталар жанды.  Өрт ТЖД, еріктілер және орман шаруашылығы күштерімен сөндірілді.

Екінші өрт 21 маусым күні кешке Төрткөл ауылынан 20 шақырым жерде тіркелді. Құрғақ шөптің жануы алдын ала болжам бойынша 100 га аумақта және 1,5 га  аумақта орман өрті орын алды. Өрт 22 маусымда сағат 05:25-те сөндірілген. Сонымен қатар, 21 маусымда ТЖД күштері Осакаров ауданының Жансары ауылдық округіндегі ірі дала өртін сөндіруге жұмылдырылды.  Жалпы жану аумағы құрғақ шөптен құралған  1200 га. аумақта орын алды.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы  және Павлодар облысының ТЖД, ерікті өртке қарсы және орман шаруашылығынан 26 адамы мен 8 техника жұмылдырылды. Өрт 22 маусымда сағат 00:20-да жойылды.

Құтқарушылар  су алатын өзен, су қоймаларының сол аумаққа қашық болуы, әрі желдің күшейіп кетуі жағдайды ушықтыра түсті деп отыр. Айтуларынша бүгінде  облыстағы дала өрті қадағалауға алынған орман өртіне ұласудың қаупі жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің негізгі себебі найзағай болып табылады.

Тегтер: өрт тілсіз жау орман өрті мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 24.06.2022, 16:20
Балабақшаларды лицензиялау керек пе?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.06.2022, 10:43
«Халыққа қайтарылсын!»
Ғаният НАСЫРОВ 23.06.2022, 10:20
Күйіп тұрған киік мәселесі
Бифат ЕЛТАЕВА 21.06.2022, 15:10
Өзіңді сергек сезінгің келсе...
Айнұр ӘЛИ 21.06.2022, 13:50
Қаңғыбас итте қорған бар. Адамда ше?
Сайт әкімшілігі 20.06.2022, 09:54
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33