Қарттар мерекесіне орай мемлекет төлемақы беріп жатыр

Еркежан АРЫН

30.09.2022, 09:45

1553

Елімізде 1 қазанда аталып өтетін Қарттар күніне орай қазақстандық зейнеткерлер бір реттік төлемақы алатын болды.

Аталмыш іс-шара аясында Астана қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 2,3 млрд теңгеге біржолғы материалдық көмекпен 216,7 мың адам қамтылады.

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне арналған айлық басталады. Республиканың барлық аймақтарында қарттарымызға қамқорлық көрсетуге арналған шаралар өтетін болады. Олардың қатарында амбулаториялық-емханалық ұйымдарда «ашық есік күндері», «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында ауыр сырқаттанған қарттарға азық-түлік жеткізу, еңбек ұжымдарында кездесулер және т.б.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикада 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады.

«Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету туралы қамқорлық – үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 7%-ға, базалық зейнетақы 5%-ға өсті» дейді ведомствода.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап тағайындалған зейнетақы мөлшері  қосымша тағы 5%-ға индекстелді, бұл 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда базалық зейнетақыны 10%-ға, ынтымақты зейнетақыны 12%-ға арттыруды қамтамасыз етіп отыр. Өсу нәтижесінде жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері (ынтымақты+базалық) 58 мың теңгеден астам, ал ең жоғары мөлшері 128,5 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар азаматтар жинақталған қаражат есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алады.

Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейін «Белсенді ұзақ өмір сүру» қарт азаматтардың жағдайын жақсарту бойынша Ұлттық іс-шаралар жоспарының әзірлегенін атап өтті. Оны қабылдау егде жастағы азаматтардың қоғамның әртүрлі салаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ оларға мемлекеттік қолдаудың сапалы шараларын қамтамасыз етеді. Ұлт жоспарында әр өңірде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу қарастырылған.

Қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен 113 стационарлық пансионат, 58 күндізгі стационар базасында 5 мыңнан астам қария арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері 52 мыңға жуық қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.

Жалпы, осы жыл бойына жергілікті бюджет пен әлеуметтік жауапкершілік бизнесі есебінен 15,2 млрд теңге жұмсалған (жергілікті бюджет – 14,2 млрд тенге, инвестициялар есебінен – 1 млрд теңге), соның ішінде:

– Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмекке – 7,6 млрд теңге (123,6 мың адам);

– азық-түлік пакеттерін беруге – 1 млрд 481,1 млн теңге (233,4 мың адам);

– жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 174,2 млн теңге (40,8 мың адам);

– тіс протездеуіне – 142,7 млн теңге (3 мың адам);

–  санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге – 1 млрд 362,3 млн теңге (19,5 мың адам);

– тұрғын үйді жөндеуге – 46,4 млн теңге (376 адам);

– отынмен қамтамасыз етуге – 136,1 млн теңге (3,7 мың адам);

– қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүруді қамтамасыз етуге – 740,7 млн теңге (133,9 мың адам);

  • көмектің басқа түрлеріне – 3 498,8 млн теңге (134,0 мың адам).
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:17
Екібастұздың жылусыз қалғанына кім кінәлі? (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 12:04
Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:05
Екібастұзда не болып жатыр? (видео)
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:23
Атырауда жайылымға мұнай төгілген (видео)
Сайт әкімшілігі 25.11.2022, 17:14
«Қазфосфат» кеніштеріндегі наразылық: компания басшылығы пікір білдірді (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.11.2022, 13:05
Қарағандыда жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43