#Qazaqstan30: Алматы облысы індеттің алдын алуда алда келеді

Сайт әкімшілігі

08.11.2021, 10:50

2557

Әлемді жайлаған пандемия ел бірлігін ғана байқатып қоймай, жергілікті жердегі атқарушы билік өкілдерінің іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін де сыннан өткізді десек артық айтқандық емес. Әсіресе екпе алып, індеттің алдын алуда жергілікті жердегі басқарушы орындардың белсенділігі тікелей әсер етті. Атап өтер жайт, адамзатқа зор зардабын тигізген ортақ «жаумен» бүкіл әлем болып бірігіп күресіп жатқанымызға биыл екі жылға жуықтады. Екпе алып, санитарлық сақтық шаралары арқылы індеттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дәл қазір халқымыз жаппай егіліп, қалыпты тіршілігімізге оралу басты мақсат болып отыр. Осы орайда Алматы облысында екпе алу жұмыстары жедел түрде жүргізілуде.

Дәл қазіргі таңда облыс бойынша COVID-19 қарсы екпенің 1-ші компонентін 817 301 адам алса, 2-ші компонентін 740 609 адам алғаны белгілі болып отыр. Күніне екі мыңнан астам егіліп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта облыс бойынша егілу 100 пайызды құрайды деп күтілуде.

Шыны керек, мемлекетіміз халқын қорғау үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөліп, екпенің бірнеше түрін қатар сатып алып, тезірек пандемияны жеңуді мақсат етіп отыр. Сондай ақ халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдауда. Еліміздің бірқатар аймақтарында жаңа инфекциялық клиникалар ашылды, медициналық жабдықтар сатып алынды.

Рас, індет келіп, ел дамуы тежеліп, қаншама ісіміз іркіліп, жүрісімізден жаңылып, зор шығынға ұшырағанымызбен мемлекеттік қолдауды сезініп келеміз. Халықтың саулығымен қатар, қамтамасыз ету мәселесін де естен шығармай уақытша табыссыз қалған азаматтарға бір реттік көмек берілді. Шыны керек, мұндай жәрдем көршілес елдерде, тіпті көптеген ірі мемлекеттерде де берілген жоқ. 42 500 теңге көлемінде біржолғы төлемақыға төтенше жағдай режімі мен карантиндік шектеу шаралары кезінде күнделікті нәпақасынан айырылғандар ие болды. Атап өтсек, індетке орай төтенше жағдай режімі созылған уақытта 322 млрд теңге сомасында 4,6 млн адамға, ал карантиндік шектеу шаралары қолданылған кезде 153,2 млрд теңге сомасында 2,4 млн адамға әлеуметтік төлемақы төленіпті.   

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық облыс көлемінде де жалғасын тауып жатыр. Індет жұқтырып, сауыққаннан кейінгі халық денсаулығының төмендеуінің алдын алу, медициналық көмекті қолжетімді ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда амбулаториялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін биылғы жылдың аяғына дейін Алматы облысында 25 денсаулық сақтау нысаны іске қосылғаны белгілі болып отыр. Оның 20-сы блокты-модульді медициналық пункт болмақ. Қазіргі таңда облыс көлемінде коронавируспен күреске 30 медициналық ұйым тартылған, 4500-дей төсек орын дайындалып, медициналық құралдармен жабдықталу 89%-ке жеткізілген. Яғни алда жалда індет өрши қалған жағдайда індетпен күреске аймақтағы медициналық мекемелер сақадай сай отыр деп айта аламыз. Алдын ала 1,1 млн. адам екпе салдыра алатыны белгілі болып, 239 егу пункті, 134 көшпелі бригада оларға қызмет көрсетуде. Көктемде ғана өңірдің жағдайымен танысқан еліміздің Бас дәрігері Алексей Цой Алматы облысының медициналық қызмет көрсету деңгейін жоғары бағалады. Және Алматы облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Алматы облысында ауылда медициналық көмек көрсету жақсы жолға қойылған. Вакцина егу кабинеті, тиісті температураны ұстап тұратын тоңазытқыш контейнерлері бар. Өңірде барлық күш жұмылдырылған. Санитарлық көлікпен қамту жоғары деңгейде. Дәрі-дәрмек қоры мен жеке қорғаныс заттарының қоры жеткілікті көлемде. Төсек-орын, құрал-жабдықтар жағынан да, медицина мамандарының дайындық деңгейі жағынан да бар мүмкіндік жасалған. Абыр-сабыр жоқ, халық қайда, кімге барып жүгінуге болатынын біледі, емдеудің айқын схемасы қалыптасқан. Жалпы Алматы облысы коронавируспен күрес жөніндегі регламентке сәйкес алға қойылған міндеттерді жақсы деңгейде орындап отыр, — деген болатын. Бұл өңірдің жағдайымен жақсы танысқан денсаулық сақтау министрінің оң бағасы. Ал халықтың денсаулық жағдайына қарап, өңірдің денсаулық сақтау саласын да бағалауға болады.

Медициналық қызметті қолжетімді ету мақсатында жылжымалы медициналық кешендер де жұмыс істеуде. Бүгінгі күні облыста мұндай 17 кешен бар екен. Бұл заманауи «дөңгелекті емханалар» мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ауылдағы салалық мамандардың жетіспеушілігінің орнын толтыруға мүмкіндік беретінін атап өту керек. Жылжымалы кешендер жалпы тәжірибедегі дәрігердің, акушер-гинекологтың қабылдау кабинеттерімен, сәулемен емдеу бөлмесі, анализ өткізу орны, дәріхана пунктімен жабдықталған. УЗИ мен рентген түсіруге де мүмкіндік жасалған. Егу кезеңінде жылжымалы кешен базасында егу пункттері де жұмыс істеді. Яғни заманауи қызметтер де талапқа сай дей аламыз.

Облыс көлемінде індеттің алдын алу мақсатында сақтық шаралары барынша қарастырылған. Соңғы тәулікте індетпен ауырғандардың санының 89-ға дейін төмендеуі індеттің беті қайтып келе жатқанын аңғартады. Жалпы облыс көлемінде денсаулық сақтау мекемелерінің жүйесінде 826 нысан тіркелген. Олардың 663-і Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағында болса, 163-і жекеменшік мекемелер болып табылады. 663 мемлекеттік мекемелердің ішінде: 8965 төсегі бар 80 ауруханалық мекеме бар. Яғни науқастар толығымен жатып ем қабылдауға жағдай жасалған. Оның 16-сы орталық аудандық аурухана, 5 аудандық аурухана, 29 ауылдық аурухана, 4 қалалық аурухана, 6 туберкулезге қарсы аурухана, 10 диспансер, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 2 жұқпалы аурулар ауруханасы, 4 облыстық мекеме, 2 перзентхана бар. Панфилов ауданы Жаркент қаласында және Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы перзентханалар аналарымызға сапалы медициналық қызмет көрсетіп, демографиялық көрсеткіштердің өсуіне үлес қосуда. Перзентханалардың барлығы ана мен балаға тиімді көмек көрсетуге барынша бейімделген. Сондай-ақ Республикалық қарқынды бақылау типтегі мамандандырылған аурухана, 238 амбулаторлық-емханалық мекеме оның ішінде 235 дәрігерлік амбулатория, 1 жеке емхана, 1 облыстық ЖИТС-ң алдын-алу және оған қарсы күрес орталығы, 1 облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 338 медициналық пункт; 2 туберкулезге қарсы балалар санаторийі; 2 Балалар үйі; 1 облыстық қан орталығы; 1 қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы; 1 РЭДСО-ның филиалы; Талдықорған және Талғар қалаларында 2 медициналық колледж облыс халқының денсаулығын күзетуде. Сондықтан ұлт саулығы мемлекет қамқорлығында деп айта аламыз!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2022, 15:00
Өнерпазы қалаға сабылған ауыл тұрғындары қашан клубқа жариды?
Сайт әкімшілігі 20.01.2022, 15:06
Алаңдағыларға қару таратқандар ұсталды (видео)
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.01.2022, 08:48
Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 13:00
Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 14:13
"Басынан қан ағып жатқанын көргенде айғайлап жібердім" - 12 жастағы баланың анасы
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 10:09
Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі 19,6 есе артты

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48