Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды

Сайт әкімшілігі

24.03.2023, 11:10

4869

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топты анықтады, — деп хабарлайды Жас Алаш  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттар шығару үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды.

Өткен жылдың қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ биылғы наурызда прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.

Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурызда Алматыда осы іс бойынша қалған фигуранттар — көршілес елдердің екі азаматы және қазақстандық ұсталды.

Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электронды таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді.

Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі.

Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі — 72,7 тонна. Осылайша, 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл — 8 миллион бір реттік доза. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.05.2023, 18:00
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Сайт әкімшілігі 22.04.2023, 09:07
Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 19.04.2023, 10:40
13 градус аяз және қар жауады
Сайт әкімшілігі 12.04.2023, 17:53
Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 10:23
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 07:47
Шымкентте автобус апатынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00