Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары ұсталды

Сайт әкімшілігі

15.03.2023, 10:20

2554

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ауқымды арнайы операция барысында интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткілер өндірісін және оларды Қазақстан аумағында өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтыр жыл аяғында Алматы облысындағы ведомствоның жедел қызметкерлері жедел шаралар жүргізді. Шара барысында өңір аумағында үш жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған сегіз шетелдік анықталып, ұсталған болатын.

Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қосымша осы қылмыстық топты қаржыландыруға, сондай-ақ прекурсорларды (есірткі өндіруге арналған химиялық заттарды) және зертханалық жабдықтарды шетелден Қазақстанға жеткізуге жауапты екі шетелдікті, яғни негізгі ұйымдастырушыларды анықтаған.

«Прекурсорларды жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырған ұйымдастырушылардың бірі Алматы қаласында ұсталды. Тінту барысында ол жалға алған алты қоймадан есірткі өндіру цикліне арналған сегіз „реактор“ деп аталатын арнайы зертханалық жабдық және 13 тонна прекурсорлар тәркіленді», — делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде екі тонна синтетикалық есірткі өндіруге (бұл 4 миллион доза) және сегіз ірі есірткі зертханасын құруға жол берілмеді. Сондай-ақ, синтетикалық есірткі өндіруге арналған 30-дан аса басқа жабдық, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленген. Үш жеке үй мен үш автокөлікке тыйым салынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.05.2023, 18:00
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Сайт әкімшілігі 22.04.2023, 09:07
Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 19.04.2023, 10:40
13 градус аяз және қар жауады
Сайт әкімшілігі 12.04.2023, 17:53
Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 10:23
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 07:47
Шымкентте автобус апатынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00