Қазақстандық әнші «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды (видео)

Сайт әкімшілігі

19.07.2021, 09:48

5611

 «Славян базары» байқауының бас жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенге байқаудың қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады. Байқаудың жабылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрада және вокал» мамандығында оқиды. Оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді.

«Мен өнерге бала кезімнен құштармын, отбасымда Байдүкен атам өнерге жақын болды. 4 сыныптан бастап Талдықорған қаласындағы Өнер мектебінде вокал сыныбында білім алдым. Қазір вокалдан сабақ беремін және менің оқушыларым – бір-біріне ұқсамайтын жеке тұлғалар. Оның арасында 5 жасар бала да бар, 30-дан асқан ересектер де бар. 22 жасымда ұстаздықты бірге алып жүру – үлкен міндет деп ойлаймын. Оның барлығы адамның өсуіне көмектеседі», — дейді жас әнші ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Рухия Байдүкен «Славян базары» байқауына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтып берді. Айта кетейік, «Славян базары» байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. 2015 жылы Димаш Құдайберген, ал 2019 жылы – Әділхан Макин Қазақстан атынан қатысып, бас жүлде иеленген еді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 16.08.2022, 14:00
Әлеуметтік қолдауда қағазбастылық азайды
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Тақтан түсу – аттан түсу емес
    16.08.2022, 08:27
  • Қоғамға керегі мешіт пе, мектеп пе?
    16.08.2022, 08:25
  • Ұранхаев пен Ахметовке «өз адамдары» маңызды
    16.08.2022, 08:22
  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47