«Қазфосфат» кеніштеріндегі наразылық: компания басшылығы пікір білдірді (видео)

Сайт әкімшілігі

25.11.2022, 17:14

1225

Жамбыл облысында «Қазфосфат» компаниясына қарасты Көксу және Жаңатас кеніштерінің жұмысшылары наразылыққа шықты. Жұмысшылар жалақының төмендігіне және жұмыстың қауіптілігіне байланысты адам өлімінің болып жатқанына шағымданды. 

Облыс әкімдігі оқиға орнына «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары мен басқарма төрағасының орынбасары келгенін және аудан прокуроры қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер беріп, компания өкілдері жұмысшылар сауалына жауап бергенін мәлімдеді.

«Жалақыны көтеру туралы толық ақпарат осы жылдың 29 қарашасында беріледі. Қазіргі таңда құрылған жұмыс тобы тиісті іс-шараларды атқарып жатыр. Жұмысшылар өз орындарына оралды. Қазіргі таңда кәсіпорындағы жағдай тұрақты. КисТас кенішінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты», — деп хабарлады компания өкілдері.

Еске салайық, 23 қарашада «Қазфосфат» зауытының жұмысшылары Жамбыл облысында наразылық шеруіне шыққан болатын. Кәсіпорын жұмысшылары өздеріне балағат сөз айтқан ресейлік менеджерге наразылық білдірген. Аталған менеджер қызметкерлерден кешірім сұрап, жұмыстан қуылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 16:23
Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған
Сайт әкімшілігі 26.01.2023, 15:16
Шамалған тұрғындары газ бағасының өсуіне байланысты тағы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 23.01.2023, 15:11
Құлдыққа түскен қазақстандықтар қалай құтылды? СІМ мән-жайды айтты
Сайт әкімшілігі 20.01.2023, 12:00
2022 жылы қазақстандықтар қанша айыппұл төлегені белгілі болды
Сайт әкімшілігі 05.01.2023, 12:24
Дерек пен Дәйек: Мәжілісте Қаңтар оқиғасына байланысты деректі фильм көрсетілді (видео)
Сайт әкімшілігі 05.01.2023, 10:50
Батыс Қазақстанда сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды (видео)

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16