Қуатты елге бәсекеге қабілетті бизнес қажет

Қарлығаш САЙЛАУ

05.05.2022, 15:30

1480

Қуатты ел болу үшін бәсекеге қабілетті бизнестік орта болуы қажеттігі даусыз. Осыған байланысты елімізде бірнеше жобалар қолға алынғаны белгілі. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру», «Бизнеске арналған үкімет», 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобалар болашақта экономикамыздың локомативіне айналады деп күтілуде. 

Аталмыш жобалардың мақсаты мен міндетінде көрсетілгендей,келешекте азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру – 1,7 млн адам; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту – 3,5 млн адам; Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқы үлесінің азаюы – 6,5 пайыз болуы тиіс. Ең негізгісі, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға дейін жеткізу. ЖІӨ-дегі туризм көлемінің өсуі 8,4 трлн теңге. Мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Жалпы, Қазақстан үкіметінің мұндай жобаларына қатысты ШОБ-ты қолдау жөніндегі шетелдік ведомстволардың басшылары, халықаралық сарапшылар, кәсіпкерлікті дамытуға жауапты жергілікті шенеуніктер, бизнесмендер оң баға беруде. Мәселен, экономист-сарапшы Марал Төртенованың айтуынша,  Қазақстан үшін қазір «бәсекеге қабілеттілік» ұғымын жетілдіру аса маңызды. 

–  Білесіздер, жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі деген бар. Ол рейтингтер халықтың әл ауқатына, әлеуметтік, экономикалық жағдайына қарап бағаланады. Сол рейтингте былтыр Қазақстан 50-ші орынға ие болды. Негізгі 12 фактордың ішінде ең дамығаны макроэкономикалық орта болды, онда еліміз әлемде 23-орында, ал еңбек нарығының тиімділігі бойынша әлемде 15-ші орында тұр. Ал республиканың қаржы нарығының даму деңгейі (103-орын), бизнестің күрделілігі (94-орын), денсаулық сақтау және орта білім беру (97-орын) және инновациялар (84-орын) болып табылады. Мұндай рейтингтерді бағалап отыру бізге ауадай қажет. Бәсекеге қабілетті болу қуатты ел болып қалыптасу үшін де қажет. Сондықтан біз үшін болашақта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті болуы ең керекті дүние болмақ. Демек, біздің кәсіп иелері өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға, заманға сай ақпарат ағынынан қалыспауға талпынуы керек, – дейді экономист-сарапшы.

Негізінен, деректерге жүгінсек, елімізде бүгінде 900 мыңға жуық ШОБ белсенді жұмыс істейді, олар – 2,6 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Соңғы 4 жылда бұл саладағы өндіріс көлемі 1,6 есеге, ақшалай алғанда, 9 триллион теңгеден астам сомаға өскен.

– ШОБ-ты дамыту үшін елімізде түрлі шаралар атқарылуда. Қазіргі «Жаңа Қазақстанның» ұстанған бағыты да отандық бизнеске, әсіресе шағын және орта кәсіпке қолдау көрсету. Білесіздер бұған дейін шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешімдер қабылданған сәттер де болды. Мұндай шаралар ШОБ үлесінің, кем дегенде, 6-7 пайызға өсуін ынталандырады. Бөлінген қаражат, бірінші кезекте, өңдеуші салалардағы ШОБ субъектілеріне беріледі. ШОБ жобаларын несиелендіру үшін биыл 100 млрд теңге алған 13 банк таңдалды. Бөлінген қаржы алты айдың ішінде шағын және орта бизнес өкілдеріне жіберіледі, Бұл, өз кезегінде, шағын кәсіптің жандануына мүмкіндік береді, — дейді сарапшы Марал Төртенова.

Бұдан бөлек, елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету инфрақұрылымын құру, оларға консультациялық және сервистік қызметтер көрсету және құзыреттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда елімізде облыс орталықтарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын құру, моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту орталықтарын құру құрылымдары жұмыс істеуде. Келешекте мұның барлығы, бәсекеге қабілетті бизнестік орта қалыптастырары сөзсіз. Қуатты елге қуатты бизнес керек болғандықтан, үкіметтің мұндай шараларын қолдау да маңызды...

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 11:45
Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:39
Атырауда екінші қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:33
Алматыда бес су тасқыны тіркелді
Бифат ЕЛТАЕВА 19.05.2022, 18:28
Балаларды дамыту және мемлекеттің қолдауы
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.05.2022, 09:01
Қазақстан мәдениетін өзгертетін көшпелі көрме
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.05.2022, 15:09
Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56