Қызылордада үй өртеніп бесіктегі сәби қаза болды (видео)

Сайт әкімшілігі

19.02.2021, 09:56

5255

Қызылорда қаласында үйлердің бірінде өрт шығып, алты айлық нәрестенің өмірін жалмады. 5 баланың анасы бір қызын терезеден шығарып үлгерген, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Өрт түнгі сағат 01:00 шамасында болған. Үйде 27 жастағы анасы, бес қызымен ұйықтап жатқан. Ал күйеуі жұмыс барасымен іссапарға кеткен.

Көршілердің айтуынша, өртті байқап сыртқа шыққанда, әйел адам төрт баласын терезеден шығарып үлгеріпті. Бірақ бесіктегі бөбегіне көмек бере алмаған.

«Біз шықанда өрт өршіп кетіпті. Бес қызы, күйеуі бар келіншек еді. Тапқандарын сол жалдаған үйлеріне төлеп, күн көріп отырған отбасы. Төрт баласын алып шығып үлгерген. Біреуін шығара алмапты. Іште қалған алты айлық бала бесікте жатқан. Сол бесікті алуға шамасы келмей қалған»,- деді көршісі Гүлзат Мерейова.

Бүгінде анасы мен кішкентай қыздар дәрігерлер бақылауында. Дәрігерлердің сөзінше, қауіп жоқ. Дегенмен улану дерегі бар. Ал әйелдің сол жақ білегі мен екі алақаны күйіп қалған.

«Анасында таңертең жүйке-жүйесінде өзгерістер болды. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық. Төрт бала 7, 8, 5 және 2 жастағы балалар, ішіндегі бес жасар баланың оң жақ тобығында екінші дәрежелі күйік анықталды. Бірақ, қазір жағдайлары қанағаттанарлық», — деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бибізада Дүйсенбаева.

Бұл отбасы шағын баспананы жалдап тұрған. Көп балалы ретінде қала әкімдігінде үш жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Әкімдік мәліметінше, қазір тізімде 1230-шы болып тұр. Дегенмен шенділер қазіргі жағдайға байланысты уақытша баспанамен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Өртке оранған үйді де қалпына келтіретінін атап өтті.

«Заңға сәйкес біз 6 айға дейін үй жалдап беруге дайынбыз. Одан бөлек, үйін қалпына келтіру мақсатында қаланың белсенді меценаттарымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар да көмектесуге дайын. Одан бөлек, қаржы, азық-түлік, киім-кешекпен көмектесу шараларын қарастырып отырмыз»,- деді Қызылорда қаласы әкімі орынбасары Елмұрат Рахматуллаев.

Бұл оқиға қызылордалықтарды да бей-жай қалдырмады. Қазір қоғам белсендірлері әлеуметтік желілер арқылы қаржы жинауды бастады. Ал өрттің неден шыққандығы әзірге белгісіз. Мамандар, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі 18 ақпанға қараған түні Қызылжарма көшесіндегі жалдамалы үйде нәрестенің өрттен қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Тегтер: өрт оқиға қауіпсіздік өрт сөндіру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.04.2021, 12:06
20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
Сайт әкімшілігі 14.04.2021, 13:28
Маңғыстауда ауылдарды құм басып жатыр (видео)
Сайт әкімшілігі 05.04.2021, 08:57
Алматы облысында 5 көлік соғысып, 3 адам көз жұмды (видео)
Сайт әкімшілігі 02.04.2021, 10:11
Аяжан Еділованың денесін жақындары жер қойнына тапсыра алмай отыр (видео)
Сайт әкімшілігі 01.04.2021, 09:28
Экс-министр Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді (видео)
Сайт әкімшілігі 31.03.2021, 14:45
Аяжан Еділованы өлтірген күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер шықты (видео)

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24