Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Сайт әкімшілігі

16.03.2023, 10:59

2995

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қызылорда қаласындағы криминогендік жағдайға ықпал еткен қылмыстық топтың жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық топқа қатысушылардың қылмысын әшкерелеу бойынша өткізілген арнайы операция барысында полиция органдарына 10 күдікті жеткізілген.

«Олар күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен. Қылмыстық топтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, олар әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда атыс қаруын қолданатын бейнероликтерді бірнеше рет жариялап, өздерінің шамадан тыс еркінсіп кеткендерін көрсеткені айтылды. 20-дан аса тінту шаралары жүргізілді, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.05.2023, 18:00
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Сайт әкімшілігі 22.04.2023, 09:07
Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 19.04.2023, 10:40
13 градус аяз және қар жауады
Сайт әкімшілігі 12.04.2023, 17:53
Назаров "жастарды тәрбиелеуді" бастап кетті (видео)
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 10:23
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Сайт әкімшілігі 10.04.2023, 07:47
Шымкентте автобус апатынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00